Ресей астанасында Қазақстанның үш ойыншысы өнер көрсетеді. Әйелдер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бүгін Ирина Бегумен шеберлік байқасады. 28 жастағы Румыния теннисшісі әлемдік рейтингте 52 орынды иеленуде. WTA тізімінде жерлесіміз одан бес саты жоғары тұр.
Ерлер сайысында Михаил Кукушкин Евгений Донскоймен күш сынасады. 28 жастағы Ресей спортшысы АТР рейтингінде 105 орынды еншілесе, отандасымыз 72 сатыға жайғасты. Қазақстанның тағы бір танымал теннисшісі Александр Бублик франциялық Пьер-Юг Эрбермен кездеседі. Бұл бәсекелер ертең өтеді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»