Медицина • 15 Қазан, 2018

Өмір сыйлар Azurion

321 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-та ТМД елдерінде алғашқы рет жаңа стандарттарды белгілейтін Azurion сараптамалық класының ангиографиялық жүйесіндегі бірегей операциялық бөлме жұмысын бастады. 

Өмір сыйлар Azurion

Қазіргі кезде медицинаға жа­ңа технологиялардың енуі опе­рациялардың бұрынғыдай емес, аз инвазивті өтуіне, сөй­тіп пациент­тер орнынан тез тұ­рып кетуіне жол ашқан. Уақыт өт­кен сайын осы бағыттағы жұмыс­тарды өрістетудегі ізденістердің жемісі де молая түсуде. Соның бірі – ТМД елдерінде бірінші болып Azurion озық моделін пайдалану. Ол Отанымызда кардиохирургия саласында үздік жетістіктерімен көрініп жүрген Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында алғаш рет жүзе­ге асты. Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың ай­туына қарағанда, жылына елі­мізде жүрек-қан тамыры ауруларына 16 мың операция жасалады екен. Ал орталықтағы жаңа тех­но­логия біріктірілген опе­рация жа­сауға мүмкіндік тудырады. Жа­ңа құрылғының бұдан да өзге артық­шылығы көп. Мәселен, ол арқылы пациентке операцияға дейін жасалған барлық зерттеу­лер, операция уақытындағы ағза­дағы өзгерістер, дерттің қай жерде, қандай дәрежеде екені бар­лығы айнадай көрініп, оңай бас­қарылатын сенсор арқылы дә­рігердің бақылауында болады. Және бір артықшылығы, қандай бір ауруды анықтауда, диагнос­тикада қажеттілік туатын радиоизотопты сұйықтықты пайдалануды да жаңа озық модель біршама ығыстырады екен. Яғни, ағзаға радиацияның теріс әсерін болдырмайды. Вице-ми­нистр жаңа қондырғының таныстырылымында «Жүрекке жасалатын операция ашық және жабық болып бөлінеді, өкінішке қарай, Қазақстанда ашық түрін жасау көбейіп бара жатыр, осы тұрғыда жаңа технологияның кө­мегімен біріктірілген операция жасау ашық операцияларды азайтады. Бұл әлемдік медицинада дәлелденген әдіс. Себебі ашық түрін жасау анағұрлым қауіпті», дей келе, пациенттер денсаулығын жақсартуда, жо­ғары деңгейде медициналық кө­мек көрсетуде кардиохирургияда үздік әлемдік стандарттарды қолдануды жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрестегі сөзсіз артықшылық деген пікірімен тұжырымдады.

Аталған құ­рыл­ғы арқылы жа­ңа туған сәби­ден,­ қарттарға дейін операция­ жасауға болады.­ АҚ-тың басқар­ма төрағасы Юрий Пя­­­­ның айтуынша, жаңа бөлме таныс­ты­рылымына дейін Azurion апробациядан өтіп 50-ге жуық опе­­ра­ция жасалып үлгерген. Яғ­ни, жаңа технология толық прак­тикалық тексеруден өтті деп ай­та аламыз. Біріктірілген операция жасау кабинетінде бір уа­қытта 8-10 қызметкер әрекет етеді. Тех­нологияның тағы бір артық­шылығы, бұған дейін жасалып жүр­ген операцияларға қарағанда уақытты 20%-ға қысқартады.

Орталықтың интервенциялық кардиология және радиология­ бөлімінің жетекшісі Серік Әлім­баев жүректі тоқтатпастан, кес­пей жасау әдісінің науқастар үшін өте жеңіл, әрі дәрігерге де қо­лайлы екеніне тоқталған. Мұның ең жақ­сы жері науқастар опе­рациядан соң бір-екі күн ғана жатады. Наркоз берілмейді. Реабилитациялық ке­зең де өте қысқа. Мұндай опера­ция­­­­ларды біз кішкентайларға да, үл­кен кісілерге де жасаймыз, тіпті ту­ғанына 2 сағат қана болған сә­би мен 93 жастағы қарияға да дәл осы жаңа технология көме­гімен сәтті операция жасалды, деген Серік Алмазұлының айт­қандарын қондырғыны қолын­да ойнатып тұрған инте­рвенциялық кардиолог Әб­дурашид Мұсаев та құптады. «79 жастағы кісіге жасалған операциядан байқағанымыздай, ком­пьютерлік томография біз­ге автомат­ты түрде қай жерге кла­­пан қою керектігін көр­сет­ті. Қа­зір контраст, яғни ра­дио­изо­топ­тар­ды қолдану азай­ды, бірақ опе­рацияның са­пасы жоғарылады. Ол осы құрыл­ғының нақты әрі тез әрекет етуі­нің нәтижесінде мүм­кін болды. Сондай-ақ рентген сәулелерінің кері әсері де азаяды», дейді кардиолог Ә.Мұсаев.

Орталық басшысы Юрий Пя бұған дейін жылына 6 мың операция жасалса, енді оның қатары 8 мыңға дейін жеткізуге болатынын айта келе, ол адамдардың ден­саулығын жақсартуда да, саланы жетілдіруде де үлкен қадам еке­нін жеткізді. 

Azurion инновациялық ангио­графия­лық жүйесін елімізге алып келген компания Philips-тің Қазақстан және Орталық Азия­дағы бас директоры Гүлнара Себестьен «Біз, Philips-тің өмірді жақ­сы жағына өзгерте алатынына, әсіресе денсаулық сақтау және денсаулық қорғау саласына нәтижелі жұмыс атқара алатынына сенімдіміз. Қазақстанның емдеу мекемелерімен ынтымақтастық – біздің стратегиялық басымдық­тарымыздың бірі болып табылады. Орталық Азиядағы ең үздік кардиоорталықтардың бірі болып саналатын Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында Azurion орнату тұрғындарға меди­циналық көмекті көрсетудің сапасын жақсартады деп сенеміз», дейді.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»