Президент • 15 Қазан, 2018

Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығына барды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында салынған спорт кешенінің жұмысымен танысып, өңірлерде осындай спорт инфрақұрылымдарының ашылуы салауатты өмір салтын насихаттауға және елімізде теннистің даму деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығына барды

Нұрсұлтан Назарбаев жас спортшылармен әңгімелесіп, теннис добына естелік қолтаңба қалдырды, сондай-ақ осы орталықтың қонақ үй кешені мен басқа да орындарын аралап көрді.