Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Цифрландыру жұмыстарын уақыт оздырмай орындау қажет

1001 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Уақыт өзгеріп, қоғам дамыған сайын жүктелер міндет пен орындалуға тиісті мақсаттың арта түсетіні сөзсіз. Елімізде 4 бағыт бойынша жүзеге асатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы – мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші. Елбасы тапсырмасынан туындаған міндеттер бүгінде Жамбыл өңірінде қызу іске асырылуда.

Цифрландыру жұмыстарын уақыт оздырмай орындау қажет

Жамбыл облысы әкімдігінде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қаты­суымен өңірлік жобалық бас­қару офисінің жұмысы және «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасының облыс аясында жүзеге асуы бойынша жиын өтті. Жиында өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, қызмет көрсету және өз­ге де салаларды цифрландыру ба­ғы­­тындағы атқарылып жатқан іс-ша­ралар талқыланды. Облыстық ин­весторларға қызмет көрсету, жоба­лық басқару және цифрландыру ор­талығының директоры Дамир Сегіз­баев күн тәртібіндегі мәселе бо­йынша баяндама жасап, жемісті жұмыс­тар жөнінде әңгімеледі. 

Осы уақытқа дейін бағдарлама аясында 182 534 адам оқыту курсынан өтуі тиіс болса, бұл жоспар бүгінге дейін толық орындалған. Облыс әкімі Ас­қар Мырзахметов бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тағы да арттыру жолдарын қарастыру керектігін баса айтты. 

«Цифрлы Қазақстан» бағдарлама­сы аясында 2018 жылы өңірдің тех­­ни­калық мүмкіндігіне сәйкес мектеп­тердің 93 пайызында Интер­нет жылдамдығын 4-40 мбит/с жоға­ры­лату көзделіп отыр. Ал келер жы­лы оны 100 пайызға жеткізу жоспар­ланған. Сонымен қатар биыл­ғы жылы Тараз қаласындағы 111 бала­бақшада электронды кезекке қою жүйесі толы­ғымен автоматтандырылатын болады. 

Жамбыл облыстық білім бас­қар­­ма­сының бас­шысы Рахия Тұрмахан­бетова сала бойынша атқа­рылып жат­қан жұмыс барысымен таныстырды. 

– Бүгінде кең арналы интернет желі­сіне қосылған мектептер саны 447 болып, 100 пайызға жетіп отыр. «Күн­делік» жобасына 433 мектеп қосылған. Ал «Bilimland» цифрлы білім беру ресурс­тары порталына 447 мектеп қосылған. 429 мектеп он­лайн, 18 мектеп офлайн тәсілінде платформаны пайдаланады. Сымсыз ішкі Wi-Fi желісімен 199 мектеп жарақ­тандырылған. Сонымен қатар 346 мектеп 983 компьютер, проектор, экран сияқты интерактивті құрылғылармен жабдықталған. 370 мектепке 1866 интерактивті тақта орнатылып, STEM білім беруді енгізу үшін 83 робот техника кабинеттерімен жабдықталған. Облыс бойынша 11 ІТ-сынып ашылды, – деді басқарма басшысы. 

Р.Тұрмаханбетова сондай-ақ колледж бітіру­шілердің жұмысқа орнала­суын есепке алу және қабылдау ав­то­мат­тандырылған ақпараттық жүйе­­­сін енгізуге мемлекеттік сатып алу ашық кон­курсы жүзеге асырылып, әлеует­ті өнім беруші анықталғанын айт­ты. Бү­гін­­гі таңда колледждер бо­йын­­ша мә­лі­мет­тер ақпараттық жүйеге ен­гізілуде екен. 

Басқосу барысында ауылдық клуб­тар­дағы ақпараттық орталықтар­дың ашы­луы, мекемелердің компьютерлермен қамтылуы секілді жұмыс­тар да сараланды. 

Жиын соңында Асқар Мырзах­метов жауапты адамдарға көрсеткіш­терді арттыру үшін екі-үш жылдық жоспарға байланбай, жайбасарлыққа салынбай, уақыт оздырмай іске асыру керектігін ескертіп, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы