Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

827 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Аудан орталығы Жосалы кентінде «Қармақшы» кітабының тұсаукесері өтті.

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

- Қармақшы ауданы - барша түркі жұртының абызы, данагөй Қорқыт Ата мекені, Сыр өңіріндегі ежелгі астаналардың бірі – сақтардың ордасы Шірік Рабат шаһары орналасқан қасиетті жер. Балқы Базар, Дүр Оңғар, Жиенбай жырау, Ешнияз сал іргесін қалап, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуов күмбезін көтерген жыр керуені - Қармақшы жерінің «Жүз шайыр елі» аталуына себеп болды. Жақын арада Қызылорда қаласында аймағымыздың, оның ішінде Қармақшы ауданының мәдени мұрасын заманауи деңгейде дәріптеп, насихаттау үшін аймақта Қазақ дәстүрлі өнер академиясын ашуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады облыс басшысы Қырымбек Көшербаев «Қармақшы – елдік пен ерлік мекені!» ғылыми-танымдық конференциясының барысында.

Сондай-ақ, конференцияда «Қармақшы» кітабының авторлары – филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы мен тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеев, Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары – Бақберген Досманбетов, профессор Темірхан Тебегенов, жырау Алмас Алматов баяндама жасады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА