Президент • 16 Қазан, 2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан машина жасаушылар одағы мен Финляндия салалық технологиялар федерациясы арасында машина жасау саласында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

Бұл экономиканың көптеген салаларында, атап айтқанда, инжинирия, стартап жобалар, жаңа технологиялар, инновация мен машина жасау салаларындағы 1600 кәсіпорынның жұмысын үйлестіріп отырған федерациямен келісімнің болашағынан зор үміт күтілуде. Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы, Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаевтың айтуынша, жаңа келісім екі ел арасындағы бизнес жобалардың дамуына серпін беруі тиіс. Сонымен қатар, Финляндия салалық технологиялар федерациясын «Nokiа» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмааның басқаруы қазақстан-фин іскерлік байланыстарының көкжиегін кеңейте түспек.

– Бұл келісім Қазақстан-Финляндия кәсіпкерлерінің «бір терезе» қағидаты бойынша байланысуына мүмкіндік ашады. Соның нәтижесінде, әлемде инновациялық жаңашылдықтары, тың ойлары арқылы ойып тұрып орын алатын Финляндия бизнес өкілдерімен сауда-экономикалық байланыстар нығая түспек, – деді келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбат берген М.Пішембаев.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан» – Хельсинки (Финляндия)

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше