Алтай сынды ұлы тауды ұлықтауға тиіспіз!

Біздің халық «Жер тарихы – ел тарихы» деп елді мекендер атауларына ежелден ерекше мән берген. Шын мәнінде елдің тарихынан хабар беретін басты белгі жердің атауы болса керек. Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақ елінің жер-су атаулары кеңестік кезеңде қойылған аттарынан тазаланып, тарихи атауларын қайтарып алуда. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында бұл жұмыс белсенді қолға алынды. Сол істің бірі және бірегейі – Зырян қаласы мен аталған ауданның «Алтай» болып өзгертілуі. Профессор Арап ЕСПЕНБЕТОВПЕН әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбімек. 

Егемен Қазақстан
17.10.2018 4293
2

– Арап Сіләмұлы, Зырян қаласы мен ауданының Алтай деп өзгертілуін уақыт талабынан туған толғағы жеткен мәселе деп қабылдаған боларсыз? 

– Зырян қаласы мен ауданының Алтай деп өзгертілгені туралы жақсы жаңалықты естігенде осы өңірде ғана емес, жалпы Қазақ елінде бөркін аспанға атпаған адам кемде-кем шығар?! Қуанышымыз қойнымызға сыймағаны анық. Жердің атауы, судың атауы, елдің атауы деген үлкен маңызы бар мәселе. Бұл жай атау ғана емес. Ол халықтың өткен тарихы, оның мінезі, салт-санасы әрі қазақ атты қалай болса солай қоя салмаған. Сол жердің өзінің қасиетіне, ерекшелігіне қарай дәл та­уып атаған. Шағыл бойы, Семейтау дейді осы жердегі шығаберісті. Шағылыңыз жиналып жатқан құм. Одан әрі қарай Семейтау. Осы Семейтауың да, Шағылың да бірнеше ғасыр бұрын қойылған атаулар екені анық. Оны өзгертудің, басқаша жасаудың қажеті жоқ.

Ал Зырянның жағдайы басқа. Алтай – төрт мемлекетке ортақ тау. Шығысында Қытай, солтүстік-шығысына қарай Моңғолия, батысына қарай Ресей, бер жағында Қазақстан жатыр. Әркім меншіктенеді. Қазақ­стан­дықтар «Алтай біздікі» дейміз, Ресей «біздікі» дейді, Моңғолия мен Қытай «біздікі» дейді. Бұған ешкімнің де таласы жоқ шығар. Күні бүгінге дейін солай өмір сүріп келе жатырмыз. Қазақстанда тарихи әділет­тілік орнап, төл атауларды қайтару ісі мықтап қолға алынғаны қуантады бізді. Зырян­ды халықтың Алтай деп атайық деген ұсы­ны­сының өзі көңілге жылылық берері кү­мән­сіз. Өйткені Алтай қай халықтың болса да жүрегіне өте жақын. Алтайды Мағжан Жұ­ма­баев та, Иса Байзақов та жырына, әніне қосқан. Бұл да тегін емес. Алтайдың табиғаты, оның тазалығы адамды тартып, өзіне қарай жа­қын­датып тұрады. Онда қаншама керемет жерлер бар аралап көрсеңіз. Ғажайып бір оазис сияқты. Қазақстанның Швейцариясы осы Алтай ма деген де ойда қаламын. 

Алтайдың қойны-қонышы толған ең алдымен рухани байлық. Көптеген тұлғалы азаматтарды өмірге әкелді. Алтай – тек рухани емес, үлкен материалдық байлықтың да ортасы. Алтын, күміс, түсті металдар – барлығы осы Алтайдың қойнауынан шығып жатыр. Ендеше Алтай әр халыққа, оның ішінде түркілерге, таратып айтсақ, қазақтың жүрегіне тым жақын. Мен Зырян аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрайымы Элла Гейгердің: «Алтай» дейтін әлемдік брендті экономикамыздың дамуына пайдаланбау күнә дер едім. Осы қаланың өркендеуіне үлес қосып, өндіріс қазанында құрыштай қайнаған аға буын бұл өзгерісті құптайтынын мәлімдегім келеді», деген байыпты байламын толқыныспен, тебіреніспен қабылдадым. 

Иә, тарихи шындық қалпына келуге тиісті және Алтай сықылды ұлы тауды ұлықтауға  тиістіміз! Оны ұлықтамасақ, қалай рухани жаңғырамыз? Қазақ елі тәуелсіздігін алып, етек-жеңін жинай бастағанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Өткенімізді қадір­леуге, салт-дәстүрімізді аялауға, алыс-жақын ғасырларда сыртқы ықпалдың салдары­нан жоғалған және кө­мескіленген рухани құндылықтарымызды қай­таруға мүм­кін­дік туды. Көзден ғайып бола бас­таған мұра­ла­ры­мызды жаңғырту айрықша маңызды екен­дігін бағамдау да ел ертеңі үшін қа­жет. Тәуел­сіздігіміздің баяндылығы да ұлты­­­­мыз­дың таным-түсінігінің тереңділігіне байланысты.

Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Біздің қазақ – жер атын, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия-сыр жатады», деген тебіреніске толы сөзі жер мен елдің киелілігін аңдатқандай.

Елді мекен, көше аттарын өзгерту – науқандық шаруа емес. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, бұл – ұлтты асқақтатуға, патриотизмді қалыптастыруға бағытталған аса маңызды шара, елдің бірлігі мен ұлттың менталитетінің тамырлана түсуі­не бастайтын жол. Ал Зырянның орнына бүтіндей түркі жұрты үшін қасиетті жер, киелі мекен Алтай атауының берілуі көпші­лік­тің көкейінде жүргенді дөп басты деп білемін.

Алтай – тұтас түркінің алтын бесігі, түркі руханиятының ұйытқысы. Осы Алтай бойында түркі бабаларымыздың алғашқы мемлекеті – Түркі қағанаты құрылды. Алтай бойында көне түркі жазулары қалыптасты. «Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жас­пен жазады» деген тәмсілдің тарихы ертеде жатқанын осылардан аңғаруға болады. Демек, Алтай – барша Алаш баласының ата қонысы.

Ендеше Алтай тарихи атауының кеншілер елді мекеніне берілуі – тек қана қолдауды қажетсінетін шешім. 

– Алдағы жоспарларыңыз туралы айта кетсеңіз. 

– Жоспар көп. 52 жыл ұстаздық етіп келе жатырмын. Басты міндетім – жастарға дұрыс білім мен тәлім-тәрбие беру. Оған қоса, бізде Абай институты ашылған, Шәкәрім орталығы бар. Соның аясында қомақты жобалардың жетекшісімін, әрі қарай жалғастыра береміз деп ойлаймын. Алаштың 100 жылдығына орай, төрт томдық «Алаш» атты кітап шығардық. Бұл ұжым болып көз майымызды тауысып жасаған, уақытымызды кетірген жобамыз еді. Көпшілікке ұнады. Жақында Шәкәрімнің 160 жылдығына байланысты халықаралық конференция өтеді. Біз үлкен істердің тұсаукесерін жасағалы жатырмыз. Біреуі – Шәкәрімнің бұрынғы кітаптарын факсимильдік нұсқада шығару. Өзі қалай арабша басулы тұр, жанына солай қазақ әліпбиіне көшкен түрін жасаймыз. Егер бұл құпталып жатса, оны латын қарпімен теріп қайта шығарамыз. Сол жеті кі­таптың тұсаукесерін жасаймыз. «Үш анық» кітабы жөнделуде. Ол да біздің тарапымыздан атқарылып жатқан шаруалардың бірі. Кі­тап ағылшын тіліне аударылуда. Абайдың ұр­­­пақтары, Шәкәрімнің ұрпақтары туралы су­реттердің альбомын жасап, дайындап қойдық. 

Жақында ғана Шәкәрімнің екі томдық шығармалар жинағы «Абай әлемі» сериясымен облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей көмегімен шықты. Бұл мәселені де әрі қарай жетілдіре береміз. Жинаққа енбей қалған шығармалар бар, соларды дайындаймыз. Бұдан соң Абайдың 175 жылдығы келе жатыр. Бұған байланысты арнайы қомақты істерді Абай мұражайымен бірге өткіземіз деген ойдамыз. Атқарар шаруа көп. Осының барлығы жас ұрпақты тәрбиелеу үшін керек. 

– Әңгімеңізге рахмет. 

Әңгімелескен Жібек СЕРҒАЗЫ

Шығыс Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу