Өнер • 17 Қазан, 2018

Жұмекен жырларын жатқа оқыды

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жұмекен жырларын жатқа оқыды

Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жыл сайын Жұ­мекен оқуларын өткізіп келеді. Бұл үрдіс биыл да жалғасты. Қазақстан Рес­публикасы Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауы ақын­ның туған жеріне талантты жастарды жинады. Еліміздің түкпір-түк­пірінен келген жастар Жұмекеннің прозалық, поэзиялық шығармаларын жатқа оқудан сайысқа түсті. 

Қазылар алқасының төрағасы, Қазақ­стан Жазушылар одағы басқарма төраға­сының орынбасары, Президент сыйлы­ғының лауреаты Мереке Құлкенов: «Жұ­мекеннің кез келгеннің түсінуге өресі жете бермейтін тұңғиық терең шы­ғар­малары – қазақ әдебиетінің мәңгі­лік мұрасы. Байқауға қатысқан 17 жас­тың сол тереңдік пен биіктікке деген құл­шынысы көңіл қуантады», деп атап өтті.

– Жұмекен оқулары бұрын облыстық деңгейде өтетін, биыл үшінші жыл қата­рынан республикалық байқау ұйымдас­тырдық, – дейді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Әсия Қыстаубаева. – Жыл санап байқауға қызы­ғушылық танытатын жастар қатары көбейіп келеді. 
Байқау қорытындысында бас жүлдені қа­­ра­­ғандылық Айсұлу Нұртай жеңіп алды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ