17 Қазан, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау гарнизонының жаңа спорт кешені базасында «Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері мен құрамаларының әскери қызметшілері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

Сайысқа Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының 70-ке жуық әскери қызметшісі қатысты. Олар 9 салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті.

Жалпы командалық есепте Ақтау қаласы 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жеңімпаз атанды, екінші орын Бейнеу ауылы 99116 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне және үшінші орын Ақтөбе қаласы 30238 әскери бөліміне бұйырды.

Сайыс барысында жауынгерлер керемет ұрыс шеберліктері мен жоғары дайындық деңгейлерін көрсетті. Сайысқа мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері, қатардағы жауынгер Ислам Ручкин мен қатардағы жауынгер Алексей Лейхнер қатысып, біріншілік жеңімпаздары атанды.

Енді «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшілері осы жылдың басты додасы қарашаның 20-ы мен 25-і аралығында Астана қаласында өтетін Жоғарғы Бас қолбасшының кубогына дайындалатын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы