Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлері қатысқан семинар-кеңесте Астана қаласынан арнайы келген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбек Оразғұлов қатысты.

Егемен Қазақстан
17.10.2018 5485
2

Спикер өз сөзінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілгенін еске салды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мәселелері» тақырыбында өткен семинарда мемлекеттік қызметшілер арасында мемелекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдылық талаптарын, сыбайлас жемқорлық және Қазақстан Республикасының Әдеп кодексін түсіндіру төңірегінде түрлі шаралар өткізіліп отыратындығы айтылды.Ақылбек Оразғұлов мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп келе жатқандығын айтып өтті.

- Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Бұдан басқа мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті, деді спикер.

Мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелерін талқылау мақсатында өткен іс-шарада қызметкерлер өз ұсыныстарын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық профилактикасы және Әдеп кодексі нормаларын сақтау саласындағы арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Ал агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова аймақта жүргізіліп жатқан барлық шараларда мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп нормасына сай емес мінез-құлық көрсеткендері және оның алдын-алу, болдырмау жолдары туралы бейнероликтер ұдайы көрсетіліп отыратындығын айтты.

- Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қоғамның негізгі тұлғасы болып саналатынындығын естен шығармауы тиіс. Біз осыны барлық деңгейдегі жиындарда айтумен келеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары күшейтілді, олар тек өз қызметінде ғана емес, жалпы күнделікті өмірінде өздерін жоғары деңгейде ұстаулары тиіс. Сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта да жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларға жол бермеуі керек, деді ол.

Департамент басшысы әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіліп отыратындығын ескертті және бірнеше мысалдар келтіріп өтті. Соның бірі жуырда аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жария болған облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің спирттік ішімдіктермен түскен суреттерін өздерінің парақшаларына салғаны үшін бірқатарына тиісті шара алынғандығын айтып өтті.

Семинар соңы пікір алмасуға жалғасқан соң, ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбек Оразғұлов сыбайлас жемқорлық заңдылықтарын және этикалық нормаларды қатаң сақтау керек екендігін атап өтті. Ақтау қаласында өткен семинар-кеңес еліміздің өзге де аймақтарында өткізілмек.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу