Үкімет • 18 Қазан, 2018

Атырауға іссапармен Асқар Жұмағалиев келді

527 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

 

Асқар Жұмағалиев Елбасының жыл сайынғы Жолдауының орындалуы барысын талқылау үшін Атырау облысы әкімімен кездесті.

Атырауға іссапармен Асқар Жұмағалиев келді

Өз сөзінде Асқар Жұмағалиев Жолдау бөлімдеріне жеке тоқталды  және оларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Вице-премьер жастардың назарын білім беру және инновацияларды дамыту саласындағы мүмкіндіктерге аударды. Және оларды мемлекет барынша қолайлы жағдай жасаған кезде белсенді болып, өз мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

-Құрметті Атырау қаласының тұрғындары, Елбасы атап өткендей өмір сүру деңгейін арттырып, қазақстандықтардың жағдайын жақсарту жолында жаңа жетістіктерді қолданамыз. Ол үшін біз бірге жұмыс жасауымыз керек,- деді вице-премьер.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде өңір тұрғындары Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.

-Жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Сандық Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған бірқатар жобалармен танысты. Сонымен қатар, «Батыс транзит» ЖШС-де Атырау қаласындағы және қала маңындағы ауылдық округтерде көшелерді жарықтандыруды жаңғыртудан тұратын «ақылды» жарықтандыруды енгізу бойынша жобаны іске асыру барысымен танысты.

Асқар Жұмағалиев Атыраулық «Білім-инновация» лицейінде болып,EduPage электронды журналы, сандық кітапхана, цифрлық білім беру ресурстары, сондай-ақ оқу үдерісін цифрландыру шеңберінде жүргізілген жұмыстармен танысты.

Айта кету керек, облыстың орта білім беру мекемелерінде «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, 12 облыстық колледж автоматтандырылған жүйеге қосылған. Келесі жылы «Қауіпсіз мектеп» жүйесін енгізу жоспарлануда, студенттерді мектепке қабылдауды автоматтандыру үшін жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде 183 мектеп электронды журнал мен күнделік жүйесіне қосылған, 163 балабақша жолдама берудің автоматтандырылған жүйесіне ауысты.

Содан соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев №3 қалалық емханада болып қайтты. Ол ақпараттық-аналитикалық жүйенің функционалдылығымен, емханалардағы электронды кезекпен, денсаулық сақтау секторын цифрландыру үдерісімен танысты, сондай-ақ мобильді қосымшаларға қолжетімділікті тексерді.

Ол цифрландыру медицина қызметкерлері мен медицина ұйымдары арасында ақпарат алмасуға жақсы қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың 34 медициналық ұйымында 15 мыңнан астам адам қолданатын мобильді қосымша бар.

Сапардың соңында Премьер-Министрдің орынбасары «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде болды, онда «Ғаламдық интеллектуалды алаң» пилоттық жобасын талқылауға қатысты.

Сапардың соңында Асқар Жұмағалиев жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.