Шымкент қаласының әкімдігінде, білім және денсаулық сақтау басқармаларына қарасты ұйымдарда өткен кездесулер барысында Президент Н.Назарбаевтың Жолдауын іске асыру шаралары туралы айтылды.
Сондай-ақ Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында аудандық және ауылдық округтер әкімдерінің, білім беру, отбасы, балалар мен жастар ісі, ішкі істер басқармалары басшыларының, басқа да мүдделі органдардың қатысуымен кездесу өтті.
С.Айтпаева Мемлекет басшысының Жолдауындағы білім беру, денсаулық сақтау және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту салаларына қатысты ережелерге тоқталды. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Түркістан облысы