Әдебиет • 18 Қазан, 2018

Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры тағайындалды

918 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры болып тағайындалды.

Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры тағайындалды

Бұған дейін филиалды басқарған Бауыржан Қарағызұлының ҚР Мәдениет және спорт министрінің Кеңесшісі қызметіне ауысуына байланысты, директорлықтан босатылды.

Дәулеткерей Кәпұлы 1977 жылы  Моңғолия, Баян Өлгий аймағында дүниеге келген.  

1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Кәпұлының анасы Егеухан белгілі айтыс ақыны. ҚазҰУ-ды (1999), Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын (2002) бітірген. 2002 жылдан сол университетте оқытушы. Елімізде әр жылдары өткізілген айтыстардың бас жүлдегері. 2000 жылғы Халықараралық «Шабыт» фестивалінде жазба поэзия мүшәйрасының, 2002 жылғы «Жұлдыз» журналы жариялаған жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. 2004 жылы Мемлекеттік  «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанған.