Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Илья Теренченконың «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалғанын хабарлады.

Егемен Қазақстан
18.10.2018 3196
2

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды. Мәулен Әшімбаев Илья Теренченконың жетекшілігімен партияның Павлодар облыстық филиалы нәтижелі жұмыс істегенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол Елбасы Жолдауында айтылған басымдықтар мен партия қызметін жаңғырту аясындағы бастамаларды жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді. «Партиямыздың Павлодар облыстық филиалы соңғы кездері барлық тапсырмаларды орындауда жақсы қырынан көрініп келеді. Тіпті оны еліміз бойынша жетекші филиалдардың бірі деп айтуға толық негіз бар. Бұл - әрине, Илья Теренченконың еңбегінің жемісі. Сондықтан оның хатшы болып тағайындалуы партиядағы меритократия тәсілінің нақты жұмыс істейтінін көрсетеді. Алдағы уақытта да осылай өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындаған мамандарымызға қолдау көрсету ісі жалғасатын болады. Өйткені біз өз мамандарымыздың қызметте өсуіне мүдделіміз. Сол себепті партияның кадрлық резервін қалыптастыру ісіне де үлкен мән беріп отырмыз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол партияның алдында Елбасының Жолдауда айқындап берген басымдықтары мен басқа да мемлекеттік маңызды бағдарламаларды және партия қызметін жаңғырту аясында қолға алынған жобаларды жүзеге асыру міндеттері тұрғанын айтып, осы істе жаңа хатшыға үлкен жауапкершіліктер жүктелетініне назар аударды. Өз кезегінде, Илья Теренченко бұл қызметті Елбасы мен барша нұротандықтардың үлкен сенімі ретінде қабылдайтынын айтты. «Алғаш партия қатарына 2004 жылы келіп, «Жас Отан» жастар қанатының қоғамдық жұмыстарына тұрақты қатысып жүрдім. Одан бері Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі болып, кейін партиямыздың облыстық филиалында еңбек еттім. Осыларды ескере отырып, жаңа қызметке тағайындалуымды, шын мәнінде, меритократияның ең жарқын үлгісі әрі мысалы деп қабылдаймын. Әрине, бұл - мен үшін үлкен жауапкершілік», - деді ИльяТеренченко.

Илья Теренченко 1983 жылы 15 қарашада Павлодар қаласында туған. Заңгер, қаржы және кредит, сондай-ақ, саясаттану мамандықтары бойынша жоғары білім алған. 2006 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Бірнеше жыл бизнес саласында жұмыс істеген ол Павлодар облысында кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалын басқарған. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Ал 2016 жылдың сәуір айынан бастап бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу