Қазақстан • 19 Қазан, 2018

Серіктестік серпінді дами береді

592 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияға сапары аясында ел Королі Филиппен кездесті. Сондай-ақ Еуропаның іскер топтар өкілдерімен жиын өткізді.

Серіктестік серпінді дами береді

Бельгия Королімен әңгіме барысында Мемлекет басшысы екі ел ара­сын­­дағы саяси, эко­но­микалық және мә­дени-гума­ни­тарлық сала­лар­дағы ын­тыма­қтастығының қазір­гі жағдайы мен перспектива­ларын, сондай-ақ халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәсе­лелер­ді талқылады.

Н.Назарбаев Қазақстан мен Бельгия­ны әуелден өзара түсі­ністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Әріптестіктің аясы кең

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Еуро­паның іскер топтар өкіл­дерімен кездесіп, маңызды мәсе­ле­лерді талқы­ла­ды. Сондай-ақ елі­міз­де шетелдік инвес­тор­ларға қолай­лы жағдай жасал­ғанын жеткізді.

Іс-шараға модераторлық еткен «То­таль» қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстан – Франция іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикаррер Ел­басы Н.Назарбаевқа Еуропа­да­ғы кәсіп­керлердің басын қосып, жиын өткізгені үшін алғысын жеткізді. 

«Құрметті Президент мырза. Уақыт тауып бізбен кездесу­ге мүмкіндік тап­қаныңыз үшін жиынға қатысып отыр­ған кәсіп­керлердің бәрі Сізге алғысын ай­тады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Еу­ро­палық одақ арасындағы дип­лома­тия­лық байланыстың ор­науына 25 жыл толғанын атап өтіп отырмыз», деген И.Дарри­каррер осы 25 санының символи­калық мәнге ие екенін атап өтті. 

Мәселен, іс-шараға 25 ком­па­ния­ның өкілдері келіпті. Олардың бәрі Қазақ­стан­ға 20 миллиард доллардан астам инвестиция құйған екен. 

«Жиынға қатысып отырған компа­ния­лардың басым бөлігі Қазақ­станда белсенді жұмыс атқар­ды. Қалғандары үлкен жоба­ларын ұсынып отыр. Ком­пания­лар­дың бәрі Қазақстандағы жұ­мы­­сын жал­ғастыруға, белсен­ділігін арт­­тыруға мүдделі», деді И.Даррикаррер. 

Бұдан кейін сөз алған Елбасы Еуропа елдері Қазақстанның сау­да-экономика және инвестиция салаларындағы маңыз­ды серік­тестері саналатынын атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақ­станға Еуропадан 180 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылды. Біз Еуропа Қайта Құру және даму банкімен тығыз ынтымақтастық ор­наттық. Осы жылдар ішінде бұл банк жалпы құны 7 миллиард еуродан асатын жобалар­ды қар­жыландырды», деді Президент.

Сондай-ақ соңғы жылдары Еуропа елдерімен тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келе жат­қанын айтып, Қазақ­станда Еуро­па капиталының қатысуымен түр­лі салаларда 3 мыңға жуық кәсіп­орын жұмыс істейтінін атап өтті.

«Біздің серіктестеріміздің қатарында «Альстом», «Линде Груп», «Эр Ликид», «Данон», «Викат», «Хайдельбергцемент» сияқты ірі компаниялар бар. Бұлар жемісті жұмыс жүргізіп, заманауи өнді­рістер құруда, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашып, табыс тауып отыр», деді Н.Назарбаев.

Инвесторларға жасалған қолайлы жағдай

Мемлекет басшысы Еуропа өнім­­­дерінің тұтыну нарығын ке­ңей­ту аясында бизнесмендерге елі­­міз­дің географиялық жағ­дайы­ның ар­тық­шылықтары туралы айтты.

«Қазақстан арқылы Қытай мен Азия­ның басқа елдерін Ресей, Кас­пий теңізі және Қара теңіз, сон­дай-ақ Иран мен Түркия арқылы Еуро­­па­мен бай­­ланыс­­ты­ратын 5 те­мір жол және 6 автомобиль жолы өте­ді. Енді Қа­зақ­стан арқылы Қы­тай­дан Еуро­паға және кері қарай жө­нел­ті­ле­тін жүк тасымалы теңіз жолына қа­ра­ған­да 4 есе қысқарады», деді Президент.

Бұдан кейін еліміздегі инвес­тициялық ахуалды жақсарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағ­дай­лар туғызу мәсе­лелеріне ерекше тоқталды.

«Қазақстан Экономикалық ынты­мақ­тастық және даму ұйымы­ның Инвес­ти­циялар жөніндегі комитетінің қауым­дастырылған мүшесі саналады және Ха­лықара­лық инвестиция­лар жөнін­де­гі декларацияға қосыл­ды. Біздің елі­міз­де Прези­дент жанындағы Шетел инвес­тор­­ларының кеңесі жұмыс істейді. Оған мүше болып отырған 33 шетелдік компанияның 13-і – Еуропа өкілдері. Бізде 66 елдің, соның ішінде Еуропаның 33 елінің азаматтары үшін визасыз режім енгізілді», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы экономика саласын цифрландыру мен ин­новациялық экожүйені дамы­ту­дың маңыздылығын атап өтіп, «Цифрлық Қазақстан» мем­ле­кет­тік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

«Біздің елде Назарбаев Уни­вер­­с­итет және Инновация­лық технологиялар паркі сияқты инновациялық кластерлер жұмыс істеуде. Биыл Астанада ІТ-стар­таптардың жаңа «Астана Хаб» ха­лықаралық технопаркі іске қосы­ла­ды. Оны әлемнің ІТ-кәсіпкерлері мен инвесторларын тартатын тұтас ин­фра­құ­рылымға айналдыру көзделіп отыр. Технопарк жұмысына қатысушылар жеңіл­детілген виза мен еңбек режімдерін пай­­да­лана алады, сондай-ақ оларға салық же­ңілдіктері де ұсы­нылады», деді Н.Назарбаев.

Ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды

Сонымен қатар Қазақстан­ның ірі ком­панияларының ІРО-ға шығуы және мемлекет-жеке­меншік серіктестік аясында ын­тымақтасуы тұрғысынан еуро­палық инвесторлар әлеуетінің маңызды екенін айтты.

Елбасы агроөнеркәсіп кеше­нін да­мы­­тудың мемлекет­тік бағ­­дар­­ламасы ая­сында ауыл­шаруа­­шылық тауарларын өн­діру­­шілерге қолдау көрсетіле­тінін атап өтті. Жаңа технологияларды енгізу ар­қылы өнімділікті арттыру және ауыл­шаруашылық өнімдерін келешекте экспортқа шығару мақсатымен қайта өңдеу бұл саланың негізгі басымдығы болып саналатынын жеткізді.

«Біз туризмді өркендетуге зор мән береміз. Бізде Турис­тік саланы дамыту тұжы­рым­да­масы жүзеге асырылады. Қазақстанның алуан түрлі ландшафты, бай мәдениеті мен тарихы және осы сала­дағы еуропалық компания­лардың мол тәжірибесі өзара пайдалы болар еді деп ойлаймын», деді Президент.

Сондай-ақ Н.Назарбаев жиын­ға қатысушыларға ЭКСПО көрмесінің инфрақұ­ры­лымы база­сында жұмыс іс­тей­тін және елі­міздегі әрі өңірдегі «жасыл» жо­ба­ларды жүзеге асы­руға сеп­тігін ти­гізе­тін «Жасыл» тех­нология­лар мен ин­вести­ция­лық жобаларды дамыту жө­нін­дегі халықаралық орталықты таныс­тырды. 

«Елордада «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығы жұмы­сын бастады. Оның құқық­тық мәр­тебесі консти­туция­лық заң­мен бекітілген, ал жұмыс тілі – ағыл­шын тілі. Бұл қаржы орта­лы­ғының жұмысына қатысу­шыларға 50 жыл­ға дейін салықтық жеңілдіктер қарас­­ты­рылған, сондай-ақ олар үшін жеңіл­де­тілген валю­та­лық, визалық және ең­бек режім­дері көзделген. Бұл – қыз­ме­ті ағылшын құқығына негізделген өңір­дегі бірден-бір орталық. Сіздердің ком­пания­ларыңыз­ды осы қаржы орталы­ғының жұмысына атсалысуға шақы­ра­мын», деді Елбасы.

Қазақстанға қызығушылық зор

Осыдан кейін сөз алған «Дойче Банктың» орталық және шығыс Еуропа елдері бойынша кеңесшісі Питер Тильс Қазақстанмен ынтымақ­тастықтың тамыры тереңге кет­кеніне тоқталды.

«Қазақстан – Орталық Азия­дағы тұрақ­ты­лықты қам­та­масыз етуші мемле­кет екені бел­гілі. «Бір белдеу – бір жол» бағ­дар­ламасы өңірдегі инф­ра­­құ­ры­лымды дамытуға жағ­дай жасады. Астанада ашыл­ған Халықаралық қаржы орталы­ғы инвестиция тартуға, әлем ел­дерімен ынтымақтастықты ны­ғай­та түсуге көмектеседі. Сон­дай-ақ ор­талықтың ашылуы Еуропа мен Қазақ­стан ара­сын­дағы серіктестіктің бола­шағы кең екенін анық көрсетеді», деді П.Тильс. 

Ал «Қашаған» кен орнының 16,81 пайызын иеленетін Royal Dutch Shell компаниясының бар­лау және өндіру бойынша жетек­шісі Эндрю Браун Қашаған мұ­най кенішінің жұмысы белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтіп, туындаған мәселелердің бәрі шешімін тапқанын жеткізді. 

Сонымен қатар алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғаса беретінін айтты. «Шелл компаниясы Қазақ еліне әлі де миллиардтаған доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр. Өйткені Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған», деді Э.Браун. 

Бұдан кейін бірқатар еуропалық компаниялардың өкілдері сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстың жемісті екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанда кәсібін жалғастыруға ынта танытты. 

Жиын барысында Елбасы туындаған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанда шетелдік инвесторларға тең құқық бері­летінін атап көрсетті. Сондай-ақ кез келген мәселені талқылап, шешімін табуға Қазақстан тарапы әзір екенін мәлімдеді. 

Соңында Мемлекет басшысы бұл кез­де­су­дің елдеріміз ара­сындағы өзара тиім­ді серік­тестікті одан әрі нығай­та түсеті­ніне сенім білдіріп, қатысу­шы­лар­дың бәріне табыс пен бақ-береке тіледі.

Бұдан кейін Мемлекет бас­шысы Халықаралық сауда ор­талығы ассоциациясы бас­қарма төр­а­ға­сының орынбасары Рольф Драакпен және Nest Investments HOLDINGS ком­па­ниясының корпоративті қыз­мет­тер жөніндегі директоры Мехрат Эф­те­хармен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында «Астана» ха­лық­ара­лық қаржы орталығы мен Ассо­циация арасындағы әріптестіктің даму бағыттары талқыланды. Әсіресе, әлемдегі алпауыт корпорациялар мен қаржы институттарын Қазақ­станға әкелу, халықаралық іс­кер тобы орталығы ретінде елі­міз­дің рөлін арттыру және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің кешендерін пайдалану мәселелері сөз болды. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан» –  Брюссель (Бельгия)