Әлем • 19 Қазан, 2018

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Ресей Президенті Владимир Путин Куксарой Өзбекстан президенті резиденциясында Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды UzDaily.uz.

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

«Ресей – Өзбекстанның стратегиялық серіктесі. Екіжақты атқарылған жұмыстар серіктестікті жаңа белеске шығарып, әр түрлі бағытта жан-жақты дамытып жатыр.  Соңғы жылдың өзінде 80-нен астам кездесу болды. Екі ел арасындағы алғашқы серіктестік форумы Ташкентте өтіп отыр. Форумға Ресейден мыңнан астам кәсіпкер, қоғамдық және жеке субъект өкілдері келді. Жыл басынан бері тауар айналымы 30%-ке өсті. Жаңа инвестициялық жобалар жоспарлануда», деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өз сөзінде.

Сонымен қатар, Өзбекстандағы алғашқы атом электростанциясының салынатыны туралы айтып берді.

Өз кезегінде Владимир Путин Өзбекстанды сенімді серіктес санайтынын айтты. «Былтырғы Өзбекстан президентінің сапарынан кейін екі жақты қарым-қатынас жаңа деңгейге өтті. Ресей қатынасты одан әрі дамытуға дайын», деді ол.

Кездесу барысында серіктестікті дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар, халықаралық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.