Әдебиет • 21 Қазан, 2018

Музейге қатысты мәселе талқыланды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» мен «Зергерлік бұйымдар топтамасы» деп аталатын альбом-каталогтар, сондай-ақ «100 аңыз» кітабы және «Жетпіс хикмет» кітабының латын әліпбиіндегі нұсқасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай жарық көрді.

Музейге қатысты мәселе талқыланды

Адамзаттың даму тарихында ойып орын алатын Ұлы Жібек жолына Ұлы дала тұрғындарының қосқан үлесі орасан. Оны мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтқан «Өз жеріңді танып біл!» жаңа бастамасы аясында кеңінен насихаттап, туризмді дамытуға әбден болады. Нұрболат Ахметжанов тізгін ұстаған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда белгілі археолог Мұқтар Қожа осындай тың ой тастады.

Түркістан облысы әкімдігі және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет үйінде өткен ғылыми конференцияға Түркия, Кипр, Өзбекстан, Әзірбайжан, Украина және Қазақстан ғалымдары қатысты. Халықаралық дәрежеде өткен жиында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі насихатталып, Түркістанның орны мен рөлі, музей саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»