Саясат • 22 Қазан, 2018

Рудольф Видер: Аса құптарлық әрі игілікті мақсат

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Рудольф Видер: Аса құптарлық әрі игілікті мақсат

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл­ғы Жолдауы өзінің көп­дең­­­гей­­лі­гімен, жаң­ғыр­ту бағ­­дар­ламасын кең ауқым­ды қам­­т­и­тындығымен ерекше­ле­неді және ол Қазақстанның бо­ла­­ша­­ғы­мен тығыз байланысты. Мұн­да аса жоғары басымдық ел хал­қының әл-ауқатын жақ­сар­ту­ға беріліп отыр. Қазақстан­дық­тардың өмір сапасын арт­тыруға баса назар аударылуы – аса құптарлық әрі игілікті мақсат.

Сырттан байқаушы ретінде мына мәселелерді ерекше бөліп көрсетер едім:

- инновацияларды мақсат­ты ілгерілету (мысалы, баламалы қуат көздері, жасанды интеллект, қолма-қол ақшасыз экономика);

- білім беруді балабақшадан бас­тап, академиялық білім беру­­ге дейінгі кешенді ілге­рі­­лету. Осындай стратегияны жасау барысында кәсіби да­­йын­­дықтың маңыздығына ек­­пін түсіру жа­ғын да ойлас­ты­ру­ға болар еді. Өйт­кені бұл ара­да Швейцариямен ын­т­ымақ­­тас­тықты кеңейте түсу екі жаққа да тиімділік әкеле­тіні күмәнсіз;

- құқықтық реформаны ны­­­ғайту, тұтастай алғанда заң үс­­тем­дігін ынталандыру, шын мә­нінде, жоспарланған рефор­­ма­ларды табысқа жет­кізуде шешуші қадам болып есептеледі;

- Жолдауды жүзеге асыру­ға жұрт­шылықты қатыстыруға үндеу және шақыру. Швейца­рия тә­жі­рибесі тұрғысынан қара­ған­да, азаматтық, бар­лық дең­гей­дегі үкіметтік емес инс­титут­тарды мемлекет пен қоғам ара­сындағы байланыстырушы ретін­де қатысуларын жү­йелі түрде ынталандырып оты­ру ық­ти­малдылығы зор және тиім­ділік әкелетіндігі анық.

Осының барлығы, түптеп келгенде, маңызы зор бағдар­лама­лық құжаттың айрықша қуат­тан­дырушы элементтері.

Тағы да бір атап көрсе­тетін жайт, Қазақстан Прези­дентінің Жолдауында Қазақ­­стан Респуб­ликасы сырт­қы саясатының ба­­сым­дық­­тары орын-орнына рет-ретімен әб­ден елеп-екшеліп қо­йыл­­ған. Елдің геост­рате­гия­лық жағ­­дайы мен жаһан­дық эко­но­м­и­каның ағым­дағы қозға­лыстары мен сілкіністерін ес­кере келгенде, осы саладағы про­­б­лема­лар ерекше назар ауда­руды қажет­сінетіні де сөзсіз. 

Сырттан байқаушы ретінде тағы бір айтарым, алға қойыл­ған мақ­сат-міндеттерді өз дең­ге­йін­­де орындап шығу үшін кең кө­­лем­­ді халықаралық қол­дау­ды пай­­­да­­лануға, әсіресе Еуро­па­­да­ғы мүд­­делес әріптес­тер­­мен қа­зір­­­­г­і­­­ден де тығыз ынты­мақ­­тас­­­тық ор­­натуға шақырар едім. Бұл ара­да плю­­рализм ру­хындағы ынты­­­мақ­­тас­тық бар­лық салада және бар­лық дең­гейд­е жалғасып жат­са, мұ­ның ал­дағы мақсат-мін­дет­­­тер­­ге қол жет­кізуде алғышарт бо­ла­­т­ыны және бірлесіп үлкен іс­тер ат­қаруға деген ұмтылысқа еш қа­рама-қайшы келмейтіні күмәнсіз.

Рудольф ВИДЕР,

қоғам қайраткері, философия және политология докторы

Берн, Швейцария