Үкімет • 22 Қазан, 2018

Нұрлан Нығматулин Жапония делегациясымен кездесті

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада өткен «Инвес­тиция – жастарға!» халықаралық конференциясы аясында Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия қауым­дастығының төрағасы, Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Ясуо Фукуда бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Нұрлан Нығматулин Жапония делегациясымен кездесті

Н.Нығматулин мәрте­бе­лі мей­манға маңызды жиын­ға қа­тысып, мазмұнды баяндама жасағаны үшін алғысын жеткізді. Және осы конферен­цияда ай­тылған пікір­лер, әзірленген ұсы­нымдар қа­ты­сушы елдердің алдағы бірлес­кен жұмысына серпін бере­тініне сенім білдірді. 

Палата Спикері атап өт­кендей, Қазақстан Парла­менті Халық­тың қоныстануы жә­не дамуы жөніндегі Азия пар­ламен­тарийлері форумы жұ­мысына белсене қатысады. «Ин­вес­тиция – жастарға!» кон­фе­рен­циясы осы бірлескен жұмыстың нәтижесі. 

Әңгіме барысында жас­тар мә­селесіне айрық­ша на­зар аударылды. Н.Нығ­­­­матулиннің сөзін­ше, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрбір Жол­­­да­уын­да, әрбір маңызды бас­тама­ларында ең алдымен жас­тар мәсе­лесіне ба­сымдық береді. Бұл – мем­лекеттік сая­саттың маңызды бөлігі. 

Өз кезегінде Ясуо Фукуда Қа­зақстандағы жастар саяса­тын ерекше қолдайты­нын, олар ел да­муының іргета­сы бола алатынын айтты. Және біздің елімізде жастарды жан-жақты қолдау­дың мүмкін­­ді­­гі зор екенін алға тартып, осы салада ынтымақтастықты да­мы­туға деген ынта-ықы­ла­сын білдірді. 

Одан әрі тараптар екіжақты қарым-қаты­насты, соның ішінде, парламентаралық бай­ланысты нығайту жайын сөз етті. 

Айта кетсек, биыл екі ел ара­сында дипломатиялық қаты­настың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде Астана мен Токио бір-біріне тығыз қолдау көрсете оты­рып, сенімді әріптестер болып келеді. 

Мәжіліс Төрағасының ай­туын­­­ша, ядролық қару­сыз­­дану және таратпау, атом энергиясын бей­біт мақ­са­тта пайдалану, басқа да халық­аралық өзекті мәсе­лелер бойынша біздің ел­дері­міздің ұстанымы өте жақын.

Осы ретте Я.Фукуда Қазақ­­­стан Пре­зидентінің халық­­аралық бастамаларын ерек­ше баға­лайтынына және біз­дің еліміздің жоғары даму дең­гейіне жетуінде Мемлекет бас­шы­сының рөлі зор екеніне тоқталды. 

 Кездесу иелері барлық салада ықпалдастықты күшейту жолдарын талқылай келіп, ортақ мақсат жолында бірлесе атқарған жұмыстар біздің елдеріміздің өзара тиімді және көпқырлы әріптестігін терең­дететініне сенім білдірді. 

Сондай-ақ осы конференция аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығма­тулин Қырғыз Рес­публи­касы Жогорку Кене­ші төраға­сының орынбасары Мирлан Бакиров, сонымен бірге Өзбекстан Олий Ма­жлисі Заң шығарушы палатасы төрағасының орынбасары Бо­рий Алиханов бастаған делегация өкілдерін қабылдап, елдер арасындағы қарым-қатынасты дамы­тудың өзекті мәселелерін ортаға салды.