Елеусінов пен Догерти арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда отандасымыздың сериялы соққысынан кейін төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Данияр техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Кездесуден кейін отандасымыз алдағы жоспарымен бөлісті. «Мен әуесқой бокста алыс қашықтықта жүріп жұдырықтасу үшін көп еңбек еттім. Ал кәсіпқой бокстағы бапкерім Джон Дэвид Джексон мені жақын және орта ара қашықтықта жұмыс істеуді үйретіп жатыр. Қандай жағдай болсын тынбай еңбек етіп, үлкен жекпе-жектерде өзімнің мүмкіндігімді көрсетуім керек», деді Елеусінов.
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 24 қараша күні Монаконың Монте-Корле қаласында өткізеді. Эдди Хирннің мәлімдеуінше, бұл кештің басты айқасы ресейлік Денис Лебедев пен америкалық Майк Уилсон арасында өтпек.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»