Әлем • 22 Қазан, 2018

Тайванда пойыз рельстен шығып, 22 адам қаза тапты

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайванның солтүстік-шығысындағы жолаушылар поезының апатқа ұшырауы салдарынан 22 адам қаза тауып, 170-тен астамы жарақат алды. Жолаушылардың бір бөлігі жертөлелерде болуы мүмкін, деп хабарлайды  BBC.

Тайванда пойыз рельстен шығып, 22 адам қаза тапты

Апат жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат бес шамасында Тайпейден 70 шақырым жерде орын алған.

Темір жол экспрессінің сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Тайпей-Тайтунг бағыты бойынша келе жатқан пойызда 366 адам болған.

Темір жол басшысының орынбасары Тайвань Лу Чи-шен баспасөз мәслихатында поездың салыстырмалы түрде жаңа және техникалық жағдайы жақсы болғанын мәлімдеді.

Дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жараланғандарға көмектесуде, Қорғаныс министрінің айтуынша құтқару операциясына 120 әскери қызметкер жұмылдырылған.

ТЖ куәгерлері жолдардан шығып кеткен вагондардың әйнектерін сындыруға көмектесіп, ондаған адам жергілікті ауруханаларға жөнелтілді.

Күн сайын бұл жолдар арқылы жарты миллионға жуық жолаушы тасымалданады.