Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстанда азық-түлік пен ақылы қызметтер қымбаттаған

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір статистері 9 айдың қорытындыларын шығарып, өсіммен қатар қымбатшылықтың да орын алып отырғанын жеткізді.

Солтүстік Қазақстанда азық-түлік пен ақылы қызметтер қымбаттаған

Басым салалардың бірі – ауыл шаруашылығы саласында жетістіктер аз емес. Қоғамдық мал басының молайғаны байқалады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 57,5 миллиард теңгеге жетіп,  85 456 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Орташа еңбекақы 7 процентке өсіп, 107 мың теңгені құраған.

Алайда, қол жеткен жетістіктерге қарамастан  тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік тағамдарымен қатар ақылы қызметтер де қымбаттап отыр. Статистика департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Қалижановтың айтуынша, жемістің бағасы 13,2 процентке өскен. Сондай-ақ, ет, сүт өнімдерінің  де бағасы біраз жоғарылаған. Ақылы қызметтер  бойынша  су, кәріз жүйесі бағасы 8,5 процентке артқан. Тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 6,6, орталық жылуға -6,3, электр энергиясына және ыстық суға – 5,1 процент қосылған.

Облыстан тыс жерлерге қоныс аударушылар қатарының да азаятын түрі көрінбейді. Олардың саны бес мың адамнан асып жығылады. Көбі Ресейде тұруды қолайлы көрген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы