Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Түркі әлемі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығын тойлады

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» қоры - музейінің 40 жылдығын кең көлемде атап өтті. Мерекелік шара аясында «Әзірет Сұлтан» қорық - музейінің 40 жылдығы аясында тарихи бес кітаптың тұсауы кесілді.

Түркі әлемі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығын тойлады

Музей қорындағы құнды жәдігерлер негізінде шығарылған альбом - каталогтар «Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» мен «Зергерлік бұйымдар топтамасы», «Әзірет Сұлтан» қорық - музейінің 40 жылдық даму тарихындағы мұрағаттар қамтылған «40 жылдық альбом», сондай-ақ әр кезеңде хатқа түскен, ел аузында айтылып жүрген аңыз - әфсаналардан жинақталған «100 аңыз»  және «Жетпіс хикмет» кітабының латын әліпбиіндегі нұсқасы тарихи мұра болып қаланды.

Тарихы мен қасиеті терең Түркістан мен Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың мұраларын ұрпақ баласына мәңгілікке сақтап, насихаттауға арналған «Әзірет Сұлтан» қорық - музейіндегі жәдігерлер саны қазіргі таңда 25000-ға жуықтады. Құнды дүниелерді жинақтап, сақтауға кешегі және бүгінгі әрбір музей қызметкерлері мен мәдениет жанашырларының, археолог, тарихшылардың үлесі зор. Өмірден өткен музей майталмандары мен жанашыр тұлғаларының әруағына әрқашан бас иіп, тағзым етеміз», деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық - музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы.

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық - музейінің 40 жылдығы аясында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Украина елдерімен қатар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысты.

Конференцияда Түркістан жазирасында ортағасырлық қоныстар, қалалар мен астаналар,  Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалардағы ғылым мен мәдениет, шетелдік зерттеушілер мен саяхатшылар еңбектеріндегі ортағасырлық қалалар, Рухани жаңғыру: музей ісі және ескерткіштерді қорғау мәселелері мен тарихи-мәдени туризм және оны дамыту жолдары мен бағыттары жөнінде қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде кеңестер алмасып, талданды.

Конференция аясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Түркістан облысының әкімі Ж. Қансейітұлының арнайы құттықтаулары оқылып, алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, музей саласын дамытуға еңбек сіңірген басшылар мен қызметкерлер «Әзірет Сұлтан» қорық - музейінің 40 жылдығы медалімен марапатталды.