Бағдарламалар • 23 Қазан, 2018

Жолдауда айтылған өзекті мәселелер сөз болды

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жолдауда айтылған өзекті мәселелер сөз болды

Қостанайға келген Қоғамдық даму министрі Дархан Кәле­таев алдымен облыс активі­мен кездесті. Ол Елбасы Нұр­сұл­­тан Назарбаевтың «Қазақ­стан­­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан хал­қына Жолдауының форматы да, сапасы да ерекше, жаңа еке­нін атап өтті. Тарихи құжатта Ел­басы экономиканы дамытып, әлеуметтік саланы нығайту үшін банкроттық тәртібін жеңілдету, жергілікті маңызға ие хабтарды дамыту, басқарылатын урбанизацияны енгізу секілді мә­се­лелерді дер уақытында әрі орынды көтерді. 

Дархан Кәлетаев Жолдауда айтылған мұғалімдер мәрте­бесі мәселесіне ерекше тоқ­талды. Ол туралы заңның қабыл­­да­нуы­на орай ұсыныстар енгі­зу үшін қостанайлықтарды бел­сенді бо­луға шақырды. Со­нымен қатар ми­­нистр Жол­дауда айтылған ­жас­тар мәсе­лесіне орай, елімізде арнайы жастарға арналған бағ­дар­ла­маның болмайтынын ес­керт­­ті. Себебі елімізде жү­зеге асы­рылып жатқан баспана, жұ­мысқа орналастыру, бі­лім жө­нін­дегі мемлекеттік бағ­­дар­­лама­лардың барлығы да жас­тар мәсе­лесін шешуге арна­­лады. Ми­­нистрдің айтуын­ша, қазір елі­мізде жастар де­мо­­­гра­фиясы­ның төмендеп кеткені бай­қа­лады, 14 пен 18 жас аралы­ғын­­да­ғылардың саны жарты мил­лионға зорға жете­тіні 2000-шы жылдардағы бала туу санының төмен болуымен түсін­діріледі. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары көтеріледі. 

Активке қатысушылар ми­­нистрге жастар арасынан кадр­­лар дайындау, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мем­ле­кет­тік сатып алу, қоғам­дық кеңес­тер мәселесі туралы сұ­рақтар қо­йып, жауап алды. 

Облыс әкімі Архимед Мұ­хам­­бетов актив отыры­сы­н қо­­рытындылай келе, Ел­басы Жол­дауындағы айтылған тапсырмаларды жүзеге асырудың өңірлік жоспары қаралып жатқанын және аудандар мен қалаларда Жолдауды түсіндірумен айналысатын 21 ақпараттық топ құрылып, жұмысты бастап кеткенін айтты. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ