Күрес • 23 Қазан, 2018

Нұрислам Санаев күміс алды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның астанасы – Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлері бір күміс медальді иеленді.

Нұрислам Санаев күміс алды

Ресейдің Тува өлкесінің тумасы Артас Санаа осыдан төрт жылдан аса уақыт бұрын Қазақстанға қоныс аударған болатын. Сол уақыт аралығында бірқатар халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлер ықыласына бөленді. Былтыр Азия чемпионатында қола медаль алса, биыл бас жүлдені олжалады. Рио Олимпиадасында бақ сынады. Ислам дінін қабылдап, аты-жөнін Нұрислам Санаев деп өзгертті. 

Будапештегі додада ол АҚШ, Самоа, Украина және Түркия балуандарын ұтқанымен, финалда Еуропа чемпионатының екі дүркін жүлдегері, ресейлік Заур Угуевқа есе жіберді. Осылайша, Нұрислам Санаевқа күміс жүлде бұйырды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»