Әлем • 23 Қазан, 2018

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстігінде ұзындығы 55 шақырым болатын әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды, деп хабарлайды ria.ru

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды

Фото: ria.ru

Салтанатты рәсімге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Гуандун Ли Си провинциясы партком хатшысы және 700-ге жуық қонақ қатысты.

Гонконгтан Чжухайға баратын жолды 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік беретін көпірмен еркін қозғалыс сәрсенбі күні ашылады. Алдын ала есептеу бойынша, 2030 жылға қарай күн сайын көпір арқылы 29 мыңнан астам тасымал көлігі мен 120 мыңнан астам жолаушы өтетін болады. Ол экономикалық интеграцияға және Інжу өзенінің экономикалық аймағының үш маңызды қаласын дамытуға, сондай-ақ Гонконг пен Макао туризміне ықпал етеді деп күтілуде.

Сондай-ақ үш қала арасында 10-15 минут сайын және түнгі уақытта 15-30 минут сайын тәулік бойы жүретін автобустарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қала ішіндегі кептеліс мәселесін шешеді дейді жергілікті тұрғындар.