Бұл келеңсіз жағдай емдеу орнын тексеру барысында белгілі болған. 2016-2018 жылдар аралығында мұғалімдер аталмыш ауруханада бірқатар дәрігерлерден ақы төлеу арқылы тексеруден өткен екен. Атап айтқанда, ұстаздар терапевт, дерматовенеролог, гинеколог секілді медицина мамандарына ақылы қаралған. Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейілдің айтуынша, заң бойынша ол қызметтер тегін жүргізілуі тиіс. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде ұстаздарға 2,7 млн теңге көлеміндегі ақша қайтарылды.
Қызылорда облысы Шиелі аудандық прокуратурасы аудандық амбулаториялық ауруханасында бірқатар заңсыздықтар орын алғанын анықтады, деп хабарлайды аудандық прокуратураның баспасөз қызметі.
Париж Олимпиадасының билеттері жаппай сатылымға шықты
Спорт • Бүгін, 00:58
Алматы облысында әйелін ұрып-соққан ер адам шақыртуға келген полицейлерге оқ атқан
Аймақтар • Бүгін, 00:20
11 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше