Ақтөбе • 24 Қазан, 2018

Ақтөбе облысының компания басшыларының үндеуі

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбе облысының компания басшыларының үндеуі

Құрметті Қазақстан кәсіпорындары мен компанияларының басшылары!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуды басты басымдылық етіп белгіледі.  

Біз, Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындары мен компанияларының басшылары, қазақ­стан­дықтардың әл-ауқаты ең алдымен табыстың тұрақты өсуіне байланысты екенін толық түсінеміз. 

Осы орайда, біз Елбасының жұмысшылардың жалақысын көтеру жөніндегі бастамасын толығымен қолдаймыз.

Тау-кен, металлургия, мұнай-газ саласы, құрылыс және агроөнеркәсіп кешені, жол-көлік секторы – еліміздің экономикалық қуатының негізі. Тұтастай экономиканың жаңа сапалы серпінінің әлеуеті бұл салаларда шоғырланған.

Президент бастамасының арқасында Ақтө­бе облысының өзінде ғана жүздеген мың жұмыс­шы­ның материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туып отыр.

Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартудың ерекше ма­ңыз­дылығын ескере отырып, біз елдегі барлық кәсіпорындардың құрылтайшылары мен басшыларын Елбасының бастамасын қолдап, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысын 10%-дан төмен емес деңгейде көтеруге шақырамыз.

Бұл отандастарымыздың табысын арттырып қана қоймай, еңбек ресурстарының өнімділігі мен сапасының еселеп өсуіне қуатты серпін береді.

Президент атап өткендей, «тек қана бірлескен күш-жігерлерімізбен біз үлкен биіктерге же­те аламыз», сол себепті біздің үндеуімізді қазақ­стан­дықтар толықтай қолдайтындықтарына сенімдіміз!

Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жала­қыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. 
Бұл барлық сала бойынша түр­лі меншік нысандарындағы кәсіпорын­дарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.

(Жолдаудан)