Үкімет • 24 Қазан, 2018

Әріптестікті дамыту ісі талқыланды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Г.Исимбаева Бүкілқытайлық Халықтық саяси-консультативтік кеңесі комитеті төрағасының орынбасары, ҚХР этностық істер бо­йынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Батэрмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Әріптестікті дамыту ісі талқыланды

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық және парламентаралық әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Г.Исимбаева Қытай Қазақ­станның сауда-экономикалық және инвестициялық салада ірі әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Осы ретте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Нұрлы жол» мен Қы­тай Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамала­ры аясында бірнеше ортақ бағ­дарламалар жүзеге асырылып жатқанын айтып, ол екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа ғана емес, жалпы жаһандық эко­номиканың жандануына және дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға оң серпін беретініне тоқталды. 

Сондай-ақ жүздесу ба­ры­сын­да барлық сала бойынша әріп­тестікті дамытудың өзек­ті мә­селелері жан-жақты талқы­ланды. 

Кездесуге Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман және Қанат Мусин қатысты.

Соңғы жаңалықтар