Әлем • 24 Қазан, 2018

Грузияда демократия орталығы ашылады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тбилисиде демократия орталығы ашылады, деп хабарлайды  «Тренд» ақпараттық агенттігі «Рустави-2» телекомпаниясына сілтеме жасап. 

Грузияда демократия орталығы ашылады

Орталықты Стэнфорд университетінің профессоры, белгілі философ, саясаткер Фрэнсис Фукуяма басқарады.

«Орталық Грузияның азаматтық қоғамының еркіндігі үшін күресушілерге, басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне еркіндік үшін бірге күресуге мүмкіндік береді», деді экономика саясатын зерттеу орталығының атқарушы директоры Нино Евгенидзе.

Жақында аймақтағы автократия мен жемқорлыққа қарсы жұмыс жасауға бағытталған орталықтың басшысы Фрэнсис Фукуяма Тбилисиде «Сәйкестік» кітабының тұсауын кескен болатын.