Спорт • 24 Қазан, 2018

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер спорттық сайысқа түсті

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында нақты тапсырмалар жүктелген болатын.

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер спорттық сайысқа түсті

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген Мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеруге бағытталған Кешенді жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің ақысыз спорт нысандарымен қамтылуын қамтамасыз ету көзделген.

Осы орайда, Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Мұнайлы ауданы әкімі аппараты және оған қарасты дербес мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында «Адал жол» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында спорттық іс-шаралар өткізілді.

Спорттық іс-шараны Мұнайлы ауданының әкімі Н.Тәжібаев пен аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Н.Жанназарова ашып, мемлекеттік қызметшілерді адал болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға шақырды.

Жолдастық кездесу шағын футбол, волейбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі, қол күресінен өтті.

Волейбол мен шағын футбол ойынынан Мұнайлы ауданы басым түссе, спорттың басқа түрлерінен аумақтық департамент қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, шахматтан 2-ші орынды басқарма басшысы Н.Долдашев, қол күресінен 1-ші орынды бас маман Е.Сисеналиев және үстел теннисінен 1-ші орынды жетекші маманы Х.Атадусов иеленді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы