Медицина • 25 Қазан, 2018

Қостанай облысында балалар университеті ашылды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай ауданындағы Мичурин селосында «Балалар университеті» ашылды. Онда балалар аптасына екі рет келіп, ағылшын тілін үйренеді. Тіл үйрену сабағы негізінен ойын түрінде жүреді. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар жасына қарай үш топқа бөлінген.

Қостанай облысында балалар университеті ашылды

«Бірнеше мұғаліміміз бар, Израиль-американдық бағдарламамен жұмыс істейді. Балаларға «сен қате айттың немесе дұрыс айттың» деген баға қойылмайды.Басты бағыт – баланы сөйлету, ол қате айтса да айтты ғой. Егер бала қате айтса, дұрыс айтқан балаға қарап, қате жерін өзі түзейді, – дейді Triera.kz кәсіпорнының директоры Игорь Пирог.

Кәсіпкер бұрынғы қаңқасы қалған ғимаратты қайта жөндеп, кәсіпорынға кеңсе мен балаларға арналған «университетке» бөлмелер жасапты. Балаларға арналған үш кабинет бар. Қазір мұндаелу шақты бала келеді, оның ішінде ауылмен қатар қаладан қатынайтындар да бар.

«Осы селодағы әлі күнге қараусыз тұрған тағы бір ғимаратты арзан бағамен сатып алдық. Алдағы уақытта оны жөндеп, заманауи бала бақша жасайын деп отырмыз. Онда да ағылшын және қазақ тілдерін үйрететін осындай балалар университеті болады» дейді Игорь Николаевич.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай