Хоккей • 25 Қазан, 2018

Хоккей жанкүйерлері қар барысына қолдау көрсетті

1073 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

22 қазан Халықаралық қар барысы күні Астанадағы «Барыс Арена» стадионында «Барыс» (Астана) және «Динамо» (Минск) хоккей клубтары (ХК) арасындағы Континенталды хоккей лигасы ойыны аясында «Қар барысын сақта!» промо-акциясы өтті.

Хоккей жанкүйерлері қар барысына қолдау көрсетті

Шара ұйымдастырушылар – Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен «Барыс» ХК.

Акция өткен күні «Барыс Арена» сарайы фойесінде жанкүйерлерді ауқымды ойын-сауық бағдарламасымен қуантты. Оларға арнайы фотозона  ұйымдастырылып, викторина мен сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіліп, имидждік өнім таратылып, бұған қоса, үл өлшемді кескін аймағы ұйымдастырылды. Соңғысында толықтырылған шындық арнайы мобильдік қосымшасы арқылы анимацияланған қар барысымен фото және бейнетүсірілім жасауға мүмкіндік берілді.

Матч басталмас бұрын «Барыс Аренаның» теледидарлық кубында қар барысын сақтап қалу тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетілді. Ал, бұдан кейін жас «барысшылар»  #QarBarysynSaqta ұраны жазылған символикалық жалауды шығарды. Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі/БҰҰДБ Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомураға «Барыс» және «Динамо» командалары капитандарының қатысуымен шайба лақтырудан құрметті миссиясы бұйырды. Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар табыстады.   

Ал, матч қорытындысы қазақстандық жанкүйерлері қуантты: «Барыс» ХК Минскінің «Динамо» клубын 3-1 есебімен жеңді.

БҰҰДБ жобасының менеджері Талғат Кертешевтің сөзінше, бұл акция «Барыс» ХК жанкүйерлері және хоккейді жақсы көретін адамдардың назарын Қазақстандағы қар барысын сақтауға аударуға мүмкіндік берді. Жанкүйерлер мен көрермендерге түсінікті түрде Қазақстанның тау шыңдарын мекен ететін аң туралы мәлімет берілді.  

Шараға хоккей жанкүйерлерінен бөлек қар барысы тіршілік ететін елдердің (Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан) елшіліктерінің, сонымен бірге Швейцария, Беларусь Республикасы мен Еуропалық Одақ делегациясының өкілдері қатысты.

2018 жылғы 23 қыркүйектен 27 қазанға дейін Қазақстанда «Қар барысын сақта!» республикалық фестивалі өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Оның мақсаты – Қазақстан қоғамын қар барысы популяциясын сақтау бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарландыру. Фестиваль аясында 23 қыркүйектен 20 қазанға дейін «Бірге қар барысын сақтайық!» атты балалардың сурет салу бойынша конкурсы өтті. 27 қазанда Шымкент қаласында оның нәтижесі шығарылып, сонымен бірге көркемөнер көрмесін ұйымдастыру, конкурс жеңіпаздарын марапаттау рәсімін өткізу жоспарланып отыр.