Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды – Қ.Қасымов

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеу аяқталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Сенатының пленарлық отырысында айтты.

Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды – Қ.Қасымов

«Тергеуді аяқтадық. Бірақ іс материалдарымен танысу процесі әлі жүріп жатыр. Ол процесс аяқталған соң іс бірден сотқа жолданады. Іс материалдарымен танысуға қанша уақыт керек десе де, ол олардың құқығы», деді ІІМ басшысы.

Айта кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған «Халық қаhарманы» атағын беру ұсынылған болатын.