Әлем • 25 Қазан, 2018

Греция тағы да өртке оранды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Греция тағы да өртке оранды. Елдің солтүстігіндегі Ситония түбегіндегі тілсіз жау қарағайлы орманның ірі бөлігін жойды, деп хабарлайды EURONEWS.

Греция тағы да өртке оранды

Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтірді. Апатпен күресу үшін 80 құтқарушы, ондаған еріктілер мен өрт сөндіру машиналары және төрт ұшақ жұмылдырылды.

Соңғы мәліметтер бойынша,өрт шығыс бөлікте басталған. Сарти ауылы жарықсыз және байланыссыз қалған.

Бейсенбі таңертең өрт  Салоники қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан Филиро ауылына жақындады. Бірақ мұнда өрт сөндірушілер оны тез бақылауға алды.

Еске сала кетсек, шілде айында Афинаға жақын маңында шыққан өрт салдарынан шамамен 90 адам қаза тапты.