Аймақтар • 26 Қазан, 2018

Павлодарда «GQ» стилінде студенттік қабылдау кеші өтті

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте жоғары оқу орнының 1-ші курс студенттерін қабылдау шарасы ерекше, қызықты болды.

Павлодарда  «GQ» стилінде студенттік қабылдау кеші өтті

Сәнді киінген студенттер Голливуд жұлдыздары сияқты қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті. Университетке оқуға жаңа келген 1 курс студенттері «Mainstream» би тобының, сиқыршылар өз өнерін де тамашалады.

Соңғы жылдары университет  мамандарының айтуынша,  оқу орнында техникалық мамандықтарға оқуға түсушілердің саны артыпты. Биылғы жылы қосымша бөлінген 20 мың гранттың 11 мыңы техникалық мамандықтарға бағытталған.

Сонымен қатар, «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздің бес өңірінен келіп оқып жатқан 549 студент бар. Бұл күндері «Серпіндіктер» 20 техникалық мамандық бойынша білім алуда.

Өткен 2017-2018 оқу жылында университеттің 32 студенті Германия, Чехия, Ресейде, Польша мен Латвияның оқу орындарында білім алды.

Салтанатты шара соңында, 1-ші курсқа қабылдауға қатысқан барлық студенттерге университет ректоры Гауһар Ахметованың  Құттықтау хаты оқылды. Студенттерге сұлулық салоны, ойын клубтары, спорт залдарының сертификаттары табысталды. Оқу орнындағы GQ» стиліндегі студенттік қабылдауды  ұйымдастыруға кәсіпкерлер демеушілік  жасады. 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген: Руфина  Торпищева