Әдебиет • 26 Қазан, 2018

Атырауда халықаралық айтыс аяқталды

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына орай Атырауда бірқатар мәдени шаралар өтіп жатыр. «Байтақтан озып, бәйге алған» атты халықаралық ақындар айтысы да Мұрат ақынға арналды. Қытай мен Моңғолиядан және еліміздің әр өңірінен келген 20 ақын екі күн бойы жыр көрігін қыздырды.

Атырауда халықаралық айтыс аяқталды

- Бұл айтыстың ерекшелігі, еліміздегі ең жүйрік деген ақындардың біразы қатысты, - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. –Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығын кестелі сөзбен көркемдеді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған айтысқа халық әртісі, мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік жасады. Жыр аламанының бас жүлдесіне белгіленген 2 млн теңгені батысқазақстандық Жансая Мусина жеңіп алды.

 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ