Видео • 26 Қазан, 2018

«Егемен академия» дәрісін «National Geographic Қазақстан» журналы жүргізді (видео)

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен академия» оқу-тәжірибелік жобасының кезекті дәрісін «National Geographic Қазақстан» журналының бас редакторы Еркін Жақыпов жүргізді.

«Егемен академия» дәрісін «National Geographic Қазақстан» журналы жүргізді (видео)

Дәріс барысында Е. Жақыпов жас журналистерге журналды таныстырып, ашылу тарихы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ әлемге танылған брендтің жұмыс барысы төңірегінде сөз қозғады.

«Егемен академиясы» жобасының маңызы зор. Бұл  әлемдік стандарттармен жұмыс жасайтын «National Geographic Қазақстан» секілді басылымдардың мүмкіндіктері, оның зерттеулері, жұмыс тәртібі, ерекшеліктері, тәжірибесі студенттермен бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл мектептен алдағы уақытта жақсы журналистер тәрбиеленіп шығатынына сенімім мол», деді Еркін Жақыпов.

Елімізді әлемге танытып жүргеніне 2 жылдан асқан белгілі журналдың ерекше жазу стилі мен тың жаңалықтары академия қатысушыларын қызықтырды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше