Аймақтар • 27 Қазан, 2018

Таразда Жамбыл Жабаев ескерткіші ашылды

2096 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тараз қаласында «Қала күні» мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің алдында Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған облыс және қала басшылығы, сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.

Таразда Жамбыл Жабаев ескерткіші ашылды

Даңқты жырау ескерткішінің ашылу салтанатында Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы мен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы сөз сөйлеп, күн сайын түрленіп келе жатқан Әулиеата өңірінің жетістіктеріне тоқталды. Жамбыл мұрасының қазақ халқымен мәңгі бірге жасай беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтары да көптеп жиналып, қала күні аясында өткен шараны тамашалады. Бұдан былай Абай даңғылының бойында ұлы ақын Жамбылдың рухы асқақтап, болмысы биіктеп тұра бермек. Ал аталған ескерткіштің биіктігі 4 метр болса, салмағы 1,5 тонна.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар