Аймақтар • 27 Қазан, 2018

Таразда «Үшбұлақ» демалыс аймағы пайдалануға берілді

1665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көп жылдан бері «Үшбұлақ» каналының жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сынға да ұшыраған болатын. Бүгін сол олқылықтың орны толып, «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жоба аясында Тараздағы «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді.

Таразда «Үшбұлақ» демалыс аймағы пайдалануға берілді

Жалпы 6,5 гектар жер абаттандырылып, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ал мұндағы көпірдің ұзындығы 72 метр болса, ені 3 метрді құрайды. Сонымен қатар, бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге дейін кеңейді. Ал мұнда келіп демалушылар үшін 5 аққу, 4 үйрек пен ақ амур және карп сияқты барлығы 3000-ға жуық балық жіберілген. Аталған жағалауда каналға шығатын 3 пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар мен суда жүзуге арналған катамарандар қойылған. Ал каналдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Аталған демалыс аймағының ашылу салтанатында Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев пен еңбек ардагері Өскенбай Мәдиев сөз алып, бүгінде Тараз қаласының әсем де көрікті қалаға айналып келе жатқанын айтып өтті.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы