Әлем • 29 Қазан, 2018

Индонезиядағы әуе апаты: бортта 188 жолаушы болған

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезиялық Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Индонезия билік өкілдерінің хабарлауынша, ол Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлап кетті.

Индонезиядағы әуе апаты: бортта 188 жолаушы болған

«Джакарта – Панкалпинанг» бағытындағы Лайнер ұшып көтерілгеннен кейін шамамен 10 минут өткен соң радардан жоғалып кетті. Осыдан кейін бірден іздеу операциясы басталды.

Индонезиялық БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, бортта 188 жолаушы және экипаж мүшелері болған, оның ішінде 178 - ересек адам, үшеуі бала болған.