Шекара асқан ақшалар

Қазақстаннан шет мемлекеттерге аударылған қаржы көлемі жыл санап ұлғайып барады. Ranking.kz келтірген ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ақша аударым жүйесі арқылы жеке тұлғалар шетелге 380,1 миллиард теңге аударған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға артық. Ал өткен жылғы көрсеткіш алдындағы жылмен салыстырғанда 25,2 пайызға жоғары болыпты.

Егемен Қазақстан
30.10.2018 18437
2 Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ

8 айда – 1,8 млн транзакция

Биыл сегіз ай ішінде жүр­гі­зіл­ген транзакциялардың саны 1,8 миллионды құрап, был­тырғы көрсеткіштен 9,3 пайызға көбейді. Айта кетерлігі, аударымдардың басым бөлігі Ресейге жасалған, аударылған сома – 147,8 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27,2 пайызға асып түсті. Одан кейінгі орында Өзбекстан тұр. Бұл елге 73 миллиард теңге аударылып, көрсеткіш бір жылда 33,1 пайызға өскендігі анықталды. Көш басындағы үштікті Түркия түйіндейді. Аталған елге ауда­рыл­ған қаражат көлемі – 41,3 миллиард теңге, өсім – 89 пайыз (!!!). 

Сонымен қатар Қазақ­стан­дағы азаматтар тарапынан қаражат Қырғызстан, Қы­тай, Украина, Әзербайжан, Тәжік­стан, Грузия сынды елдерге тұрақты түрде аударылып отырылады.  

Ақша аударым жүйесінде ше­телге жасалатын транзак­ция­лардың басым бөлігі «Золотой ко­рона» жүйесі арқылы жүр­гі­зілген. Аталған жүйемен 241,2 млрд теңге жіберілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыс­­­тырғанда 67,6 пайызға ар­­тық. Жүйе қолданушылар саны артқандықтан өсім, 48,3 пайыздан, 63,5 пайызға жо­ға­рылаған.

Екінші кезекте Western Union жүйесі арқылы ақша ауда­рым­дары жиі жүргізілетіні анықталып отыр. Ондағы ауда­рылған қаржы көлемі – 55,6 млрд тенгені құрап, өсім бір жыл­да 13,5 пайызға жеткен. Үшін­ші орында «Юнистрим» жүйесі тұр. Онда аударылған қар­жы көлемі – 31,2 млрд теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылмен са­лыс­тырғанда 1,4 пайызға кемі­ген. Сонымен қатар, Faster, Contact MoneyGram, Близко, Иные системы операциялық жүйе­лері ар­қылы ақша аударымдары жүр­гізіліп келеді. 

Былтырғы жылдың 11 айы­ның қорытын­дысы бойынша сырт­қа шыққан қаражат көлемі 449,1 млрд теңге. Ал 2016 жылы 100,8 млрд теңге шекара асқан. Былтыр да Ресейге Қазақстан тарапынан қомақ­ты қаражат кеткен-ді. Алдыңғы жыл­мен салыстырғанда өсім 17,3 па­йызды құрады. Өзбекстан мен Қыр­ғызстанға бағытталған ақша ауда­рымдары жиі орындалады. 

Енді кері бағыттағы опера­ция­ларға көз жіберейік. Қазақ­стан­ға да сырттан жиі ақша аударылады. Мысалы, өткен жылы елге Ресейден 144,9 млрд теңге аударылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырған­да 16 пайызға артыпты. Соны­мен қатар Оңтүстік Корея елі­нен 18,8 млрд теңге жөнелтіл­се, Қырғыз­стан­нан 15,9 млрд тең­ге келіпті. 

Экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Досжан­­ұлының айтуынша, Қазақ­стан­дағы азаматтар тарапынан шетелге ақша аударылымының жүр­­­­гізілуіне бірнеше әлеуметтік фак­­­тор­лар себеп болып отыр. 

− Мысалы, Ресей мен Қазақ­стан арасындағы экономикалық бай­ланыс қарқынды түрде дамып келеді. Көрші елдің жоға­ры оқу орындарына түскен студент­теріміздің саны жыл сайын артуда. Біздің 25 мың студентіміз Ресейде оқитын болса, олар­дың ата-аналары өмір сүрулері­не, түрлі қажеттіліктеріне ақша жібе­ріп отыратыны түсінікті. Оның үстіне Ресейде жұмыс іс­теп жүрген азаматтарымыз да бар­шылық. Олар да тапқан та­быс­тарын елімізге аударып отырады. Осы ретте, Ресейден Қазақстанға аударылатын қара­жат көлемінің де жоғары екенін естен шығармауымыз қажет, – дейді С.Досжанұлы.

Әлеуметтік ахуалдың көрінісі

Экономист елге аударылатын қаражаттан ел аумағы­нан сыртқа кететін ақшаның екі есе артық болуын білім беру, медицина салаларымен тығыз байланыстырады. Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары да біздің елде жұмыс істеп, тапқан табысын өз елдеріне аударуда. Олардың басым бөлігі құрылыс, жол жөндеу сынды салаларда жалдамалы қызмет­кер болып жұмысқа тұрған­дар. Аталған елдерге жиі әрі қомақ­ты қаражат жіберілу процесі осы азаматтарға тікелей байланысты. 

Бұл жерде ескеретін жайт, ақша аударымын жүргізіп отыр­ған жеке тұлғалар екі бөлек әлеу­меттік сипатқа ие. Қазақ­стан­дық­тар­дың дамыған елдерге ақша жібе­руі, сол сияқты кері­сінше даму­­шы елдерге Қазақ­стан­дағы жал­­да­ма­лы қыз­меткер­лердің қара­­­жат жіберуі еліміз­дің эко­­но­­ми­­ка­сы­ның қарқын­ды әрі тұрақ­­ты дамып келе жат­қанын көр­се­теді. Екін­ші жағы­нан, салыс­тыр­­малы түр­де айтар болсақ, бір­­қатар көр­ші­лес мем­лекеттер­ге қара­ған­да Қазақ­стан­­дағы әлеу­мет­тік ахуал­дың жо­ғары дең­гей­де екені­­нің көрінісі. Жеке тұл­ға­лар та­ра­­пы­нан қаржы аударым­дарын жүр­гізу жүйесі әлем­дік тәжіри­бе­де бар құбылыс. Мыса­лы, Гер­­маниядан Түркияға қомақ­ты қара­­жат аударылады. Ал Түр­кия­дан Германияға шыға­тын ақ­ша көлемі анағұрлым аз болады екен.       

– Алдағы уақытта ақша аударым­­­дарының осы қарқыны сақ­­та­лады деген пікірдемін. Десе де елдегі медицина саласының дамуы  экономикамызға тікелей әсер етіп, бұған дейін күрделі ота жасау үшін Германия, Израиль сынды елдерге жіберілген қо­мақ­ты қаражаттар Қазақстан­да қалуы да мүмкін деген ойдамын. Бұл мәселенің екінші жағы, дамушы Қырғызстан, Өзбекстан сынды елдердің азаматтары біздің елге келіп, халықара­лық дең­гей­дегі медициналық көмекке жүгі­не алады. Яғни, әлеуметтік сала­ның бір ғана бағытын дамыту ар­қылы елден сыртқа кеткен қара­жатты қайтару мүмкіндігі туып отыр. Сөйтіп дамыған ел­дер­дегі ақша өткізу балансы біз­дің елде де дами түседі, – деді маман.

Дейтұрғанмен, ел экономикасы қаншалықты қарқынды дамыған сайын сырттан келетін жұмысшылардың да саны арта түспек. Елімізде алдағы 5 жыл­дықта 1 млн жұмыс орыны ашылады деген жоспар бар. Бұл орындар қазақстандықтар­дың толық­тай қамтамасыз ете ал­май­тыны түсінікті. Яғни, алда­­ғы уақыт­та көрші елдерден ке­ле­тін жал­дамалы қызметкер­лер­дің қара­сы қалыңдай түседі деген сөз. 

Ақша аударылымына қатыс­ты мәселе сөз болғанда доллар тақырыбын айналып өту мүмкін емес. Өйткені шекара асқан бар­лық төл валюталарды көк қағаз алмастырады. 

− Біздің елде доллар бағамы жоғары болған жағдайда жалдамалы жұмыс жасап жүрген азаматтар алатын жалақысының аз бөлігін ғана тұрмысына жаратады да, қалған соманы өз еліне аударады. Мысалы, 1000 доллардың 100 долларына күн көріп, қалған 900 долларды ауда­р­ады делік. Ал доллар баға­­мы төмендеген жағдайда, жұ­мыс­­шы өз қажеттілігіне 200 дол­лар жұмсайды да, жіберетін қара­­жат азаяды. Мысалы, Ресей­де осындай жағдай орын алған болатын. Өзбекстан, Тәжік­стан, Қырғызстаннан келген  4-5 млн адам 300 доллардан жала­қы ала­тын болса, оның 200-ін ел­­деріне жіберіп отырған. Рубл­ь­­дің долларға шаққандағы баға­­мы өзгерген сайын өздері­не жұм­сайтын қаражат артып, жібері­ле­тін ақша кеміген. Осыдан барып, доллардың бағамы қан­шалықты әсер ететінін болжай беріңіз, – дейді экономист.

Экономикаға теріс әсері бар

Күні кеше Ұлттық банк биылғы жылдың қаңтар-қыр­күйек айларында аударылған қаражат­тың көлемін жариялады. Онда тоғыз ай ішінде 495 млрд теңге ауда­рыл­ғаны, бұл көрсеткіш ал­дың­ғы жылмен салыстырғанда 34 пайызға артқандығы айтылады.

Айта кетерлігі, осындай ақша аударымдары біздің экономикаға айтар­лықтай болмаса да, белгілі бір деңгейде кері ықпал етіп отыр. Жалдамалы жұмысшылар жал­а­қы­сын теңгемен алса да, өз еліне жіберу үшін оны долларға айыр­бас­тайды. Сөйтіп елдегі көк қағаз­ға деген сұраныс артып, бұл өз кезе­гінде теңгенің әлсіреуіне ықпал етеді. 

– Экспорт, импорт сынды опера­циялармен  салыстырғанда мұндай транзакциялар аса ауқым­ды емес. Мысалы, экспорт көлемі – 50-60 млрд доллар болса, ал тұлғалар тарапынан ақша аударымдары 1,5-2 млрд доллардан аспайды. Десе де экономикаға 2-3 пайыздық әсері бар. 

Қазақстандағы қомақты қара­жат құйылған инвестиция­лық жобаларды жүзеге асыру үшін қызметкерлерге де сұраныс ар­та­ды. Бүгінгі күні оны өтеп отыр­ған көрші елдердің жалдамалы жұ­мыс­шылары. Ал өз еліміздегі қан­шама халық «екі қолға – бір күрек» таба алмай, жұ­мыссыздар саны күн санап артып келеді. Маман­дар мәселенің мәнісін, қара жұмыс­қа көпшіліктің құлық таныт­­пай­тындығымен байланыс­­­ты­ра­ды. Бұл мәселе әлеуметтік сала шеңберінде ғана емес, эконо­мика­лық тұрғыда да аса өзекті болмақ. Қаражатты шек­ара асыр­­май, өз тұрмыс дең­гейі­міз­ге бағыт­­таудың қанша лық­ты тиім­ді екеніне жоғарыда кел­тір­ген мысалдар дәлел болмақ. 

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу