Қазақстан • 30 Қазан, 2018

Айдар Әріпханов:Елбасы Жолдауы – тұрақты дамуға бастар бағыт

333 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы нақты қоғамдық бағытқа ие, ол азаматтарымыздың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өту керек. Қазіргі таңда көптеген елдердің экономикасы, тұтас халықаралық нарық құлдырау кезеңін бастан өткеріп жатқан кезде Қазақстан Президенті  «Мемлекет одан әрі де тұрақты дамуға және халықты кең ауқымда қолдауға бағытталған жолды ұстанатын болады» деп қадап айтты.

Айдар Әріпханов:Елбасы Жолдауы – тұрақты дамуға бастар бағыт

Екіншіден, біздің компаниямыз жүзеге асырған «Бизнестің жол картасы» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына Елбасының оң баға бергені бірқатар маңызды мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылатын «Бәйтерек» холдингі үшін өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі бағдарлама да 2025 жылға дейін ұзартылды – бұл халық үшін өте үлкен көмек. Сонымен қатар бұл шағын және орта бизнесті, сондай-ақ тұрғын үй саласын дамытуға зор ынталандыру болып табылады.

Осылайша, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін жыл сайын 30 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Ол үш жылда тағы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын ашуға, 220 млрд теңгеден астам салықтың түсуіне және 3 трлн теңгеге өнім сатуға мүмкіндік береді.

Жолдаудың «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» атты үшінші міндетін іске асыруға келсек, холдинг еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» бірлесіп, тұрғын үй сертификаттарын пайдалану арқылы тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігін әзірледі. Бұл механизм мемлекеттік органдармен кеңестен кейін кейін түзетілетін болады.

Үшіншіден, Жолдауда қазақстандық тауарларды халықаралық нарықтарға шығаруға ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, алдағы үш жылда өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес экспортты қолдауға қосымша 500 млрд теңге бөлу туралы тапсырма берілді. Бұл өндірушілерімізге өте үлкен көмек болмақ.

Біздің салымдарымызға келер болсақ, алдағы үш жылда холдинг 300 миллиард теңгеге экспорттаушыларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 95 миллиард теңге - Қазақстанның Даму Банкінің қаражаты, 125 миллиард теңге - алдын-ала бөлінген қаржыны қайтару есебінен және 80 миллиард теңге - ҚДБ саудалық қаржыландыруына арналған республикалық бюджеттің қаражатын тарту арқылы бөлінеді.

Қазір Қазақстанның Даму Банкінің тетіктері арқылы ірі бизнесті кең ауқымды қолдау жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда ҚДБ 280 млрд теңгеден астам сомаға өңдеуші өнеркәсіпте және өндірістік инфрақұрылымда 15 ірі инвестициялық жобаны қаржыландырды. Қолдау көрсетілген кәсіпорындардың жалпы экспорттық түсімі 370 млрд теңгеден асты. ҚДБ 2019 жылға дейін 95,8 млрд теңге сомасына пайплайн жобасын құрды.

Экспортты ұлғайту үшін холдинг босаған қаражаттың бір бөлігін экспортқа бағытталған жобаларды қолдауға қайта бағыттауды ұсынып отыр. Атап айтқанда, бөлінген 100 миллиард теңгеден ірі кәсіпкерлік субъектісін қаржыландыруға 25 миллиард теңгені жіберу, бөлінген 200 миллиард теңгеден экспортқа шағын және орта бизнестің бағытталған жобаларын қолдау үшін 100 миллиард теңгені бағыттау ұсынылады.

Қорыта келе, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бағыттардың әрқайсысында мемлекеттің орнықты дамуына және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға нақты пайда әкелетін экономикалық және әлеуметтік нәтиже бар екенін атап өткен жөн. Холдинг мемлекеттік органдармен, отандық және шетелдік бизнес-серіктестермен үйлестірілген жұмысының арқасында, сондай-ақ ел азаматтарының белсенді қатысуымен барлық тапсырмаларды тиімді орындайтын болады.

Айдар ӘРІПХАНОВ,

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы