Әлем • 31 Қазан, 2018

Жабайы аңдар жаппай жойыла бастады

1278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Планетамызда жануарлардың жаппай жоюлуының алтыншы толқыны басталды және бұған себеп: адамдардың іс-әрекеті. Бұл туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Лондон зоологиялық қоғамымен бірлесіп әзірлеген соңғы баяндамасында айтылған, деп хабарлайды EURONEWS.

Жабайы аңдар жаппай жойыла бастады

Табиғатты қорғау қоғамының өкілі Маргарет Киннэйрд: «Жағдай өте ауыр және аса қорқынышты. 1970 жылы жер бетінде жабайы жануарлардың 52 пайызы мерт болғанын айтқанбыз. Содан бері олардың саны 60 пайызға азайған. Егер қазір әрекет етуді бастап, биоәртүрліліктің төмендеуіне кедергі келтірмесек, біз жабайы табиғаттың көз алдымызда жойылғанының куәгері боламыз», деді. 

Осындай қауіп төніп тұрғанда, Қытай билігі дәстүрлі медицинада қолданылатын жолбарыс сүйектері мен мүйізтұмсық мүйіздерінің саудасына салынатын тыйымды жеңілдетті. Мұндай қадам табиғат қорғаушыларына ұнаған жоқ. Өйткені жолбарыстар мен мүйізтұмсықтар браконьерлік әрекеттің әсерінен толықтай жойылып кетуі мүмкін.