Қазақстан • 31 Қазан, 2018

Сапа мен көлем бойынша проблемалар анықталды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

КЕАҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚФ медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Гульнара Кенжебаева 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 53 денсаулық сақтау объектісі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілгендігін айтты.

Сапа мен көлем бойынша проблемалар анықталды

Филиалмен жүргізілген сапа мен көлем мониторингінің және КООЗ сапасының сыртқы сараптамасының нәтижелері бойынша жалпы сомасы 427 158 409,9 теңгеге медициналық көмек көрсетудің ақаулары анықталған.

Мониторинг нәтижелері бойынша ұсталған барлық қаражат халыққа сапалы көмек көрсететін басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлінеді, яғни айыппұл санкцияларының сомасы салаға қайта инвестицияланады.

Филиал пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында және болашақта облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және көлемін пәрменді бақылау бойынша өз жұмысын жалғастыра береді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы