Аймақтар • 01 Қараша, 2018

Қызылорда облысында мал саны көбейіп келеді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласы әкімдігі жоспарға сәйкес несиелендіру арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен 40,4 млн. теңгеге 204 бас мүйізді ірі қара, «Құлан» бағдарламасымен 43,3 млн. теңгеге 126 бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасымен 26,2 млн. теңгеге 1040 бас уақ мал сатып алды.

Қызылорда облысында мал саны көбейіп келеді

Сонымен қатар елді мекендерді несиелендіру бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 150 адамның тізімі беріліп, бүгінде оның 38-і 163 млн. теңге несие алып отыр.

Облыс орталығында 390 шаруа қожалықтарының бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылған. Осылайша облыстың бас қаласы өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмыс жасап жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы