Әлем • 02 Қараша, 2018

Головкин - «Канелоның» үшінші айқасы өтуі мүмкін

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші айқастың өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  Sports.kz.

Головкин - «Канелоның» үшінші айқасы өтуі мүмкін

«Жылдың соңында немесе келесі  жылдың басында Том Леффлер мен Оскар де ла Хойя және олардың адамдары мұны талқылайды. Геннадий мен «Канело» бір-біріне керек, олар жанкүйерлеріне қажет. Жұртшылық осы айқасты талап етіп отыр. «Канело» Филдингпен жекпе-жекте қанша табыс табатынын көреміз. Егер табысы шектеулі болса, демек ол өзі ойлағандай керемет боксшы емес. «Канело» мен Головкиннің келесі айқастарын қалай өткізетінін көреміз. Кейін, бұл айқас олардың екеуіне де, боксқа да қажет болса, үшінші жекпе-жектің өтіп қалуы мүмкін», - деді Санчес.