Аймақтар • 03 Қараша, 2018

Қызылордалықтар тұтынатын заттың сапасына ерекше мән беруде

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында тұтынатын заттың сапасына үлкен көңіл аударылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаева төмендегідей ойын айтты.

Қызылордалықтар тұтынатын заттың сапасына ерекше мән беруде

«Келесі жылдан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын бастайтын болады. Бүгінде халық тұтынып отырған затының сапасына аса мән бермейді. Тұтынатын заттың сапасын көтеру арқылы адамдарың өмір сүру сапасын жақсартуға болады. Менің ойымша, халықтың әл-ауқаты екі нәрсеге мән берген жағдайда әлдеқайда жақсарған болар еді. Өзімізден шығып жатқан өнімдерді сапалы өндіріп, сол өнімдерді қайтадан өзіміз дұрыс пайдалана білуді үйренген жағдайда және өнімдерді, тауарларды, қызмет түрлерін пайдалануда тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жолға қойғанда жақсы болады. Әр адам Елбасының Жолдауын оқып, өзіне қажетті тұстарын «Мен не істей аламын?», «Отбасымның, көрші-көлемнің, жалпы халықтың өмір сүру жақсартуға қалай үлес қосамын?» - деген сұрақтарға жауап іздей отырып, алған білімін өмірлік тәжірибеде іске асыра білуі керек деп ойлаймын», - деді Нұрсәуле Мұсаева.

Баспасөз конференциясына «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова және Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы, дінтану магистрі Әлібек Жаппасбаев қатысып, Елбасы Жолдауына байланысты өз ойларын ортаға салды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ