Аймақтар • 03 Қараша, 2018

Павлодардағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бөлімшесі 41 миллион 685 мың тонна көмір тасымалдаған

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында облыс бойынша филиалының директоры Дәулетбек Нығметов мәлім етті.

Павлодардағы  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бөлімшесі 41 миллион 685 мың тонна көмір тасымалдаған

- Өндірісті өңір еліміздегі темір жол бойынша жүк тасымалының 33 пайызын орындайды. Жыл сайын күз, қыс айларында әлеуметтік маңызы бар көмір, қатты отын, ұн, астықты  тасымалдау көлемі артады.

Жүк тасымалы өңірлік бөлімінің биылғы жылғы жүк тасымалының  көлемі 66 миллион 986,7 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері көмірдің 55 миллион 887 мың тоннасы тиелген. Бұл көлемнің 14 миллион 202 мың тоннасы экспортталса, 41 миллион 685 мың тоннасы еліміздің электр және жылу стансаларына жеткізілген.

Былтырғы жылға қарағанда көмір тиеу көлемі биыл 1 миллион 810 мың тоннаға артқан. Өңірдегі стансаларға 24 миллион тонна көмір жөнелтілді.

-Қазіргі жылыту маусымына Жылу электр орталықтарына қарасты қоймаларындағы көмір қоры Энергетика министрлігі бекіткен нормативтерге қарағанда 1,5 есеге артық, - дейді Дәулетбек Нығметов.

Сонымен бірге,  күнделікті тұтынатын тұрмыстық жанар-жағармайды тасымалдауды үздіксіз жүргізу мақсатында да нақты  шаралар қолға алынуда.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР