Қазақстан • 05 Қараша, 2018

Зейнетақы салымы индексацияланбайды

520 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жақында Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаевтың және Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев­тің атына депутаттық сауал жолдап, теңге курсының төмен­деуіне байланысты халықтың зейнетақы қорындағы салымы мен банк­тердегі теңгемен салынған депозиттерін теңгенің өзгеру кур­сы­на сәйкес индексациялау қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдаған еді.

Зейнетақы салымы индексацияланбайды

«Соңғы екі жылда теңге ең төменгі минимумына түскенімен, мұнай бағасы төрт жылдағы ең жоғарғы деңгейіне жетті. Мыса­лы, екі жыл бұрын мұнайдың бір баррелінің бағасы 45 доллар, яғни 15300 теңге болса, былтыр ол 17000 теңгеге жетті. Қазір мұнай баға­сы 80 доллар­ға жа­қын­дады. Ал теңгенің 1 дол­ларға шаққандағы курсы 380-ге жақындады десек, осы­ның нәтижесінде әрбір 1 баррель мұнай компанияларына 30 400 теңге таза табыс әкеледі. Сөй­тіп артық шығынсыз, тек теңге курсының өзгеруімен ғана мұнай саласының компаниялары жалпы ел бойынша триллион теңгеге жуық қосымша таза пайда көріп отыр. Егер осы қара­жатты ғана алатын болса осының өзі халық­тың зейнетақы қоры мен депо­зит­тегі салымдарын индек­са­ция­лауға еркін жетер еді» дейді депутат. 

Осы сауалға Үкіметтен және Ұлттық банктен жауап келді. Үкі­мет өз жауабында. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (әрі қарай БЖЗҚ) сенімді бас­қару Ұлттық банкке жүктелген. БЖЗҚ-ның инвестициялық дек­ларациясы Ұлттық банктің қау­лы­сымен бекітіліп, ұзақ мер­зім­ге шақталған табыс табуға бағыт­талған» дей келіп, осының өзі зейне­тақы салымдарын құн­сыз­данудан қорғайтынын жет­кізіпті. Сонымен қатар зейнет­ақы салымдарын ұлттық валюта­ның әлсіреген кездерінде құн­сыз­д­анудан сақтау үшін 2016 жыл­дан бастап зейнетақы ак­тив­терінің валюталық үлесі кезең-кезеңмен арттырылғаны айтылған. Одан әрі заңға сәй­кес салынған зейнетақылық жарналар адамның жасы зейнетке жеткен уақытындағы инфляция деңгейіне арттырылумен толықтай төленетініне кепілдік берілетіні көрсетіліп, Ұлттық қорға мұнайдан түсетін қаржы есебінен зейнетақы қорын индексациялау Тұжырымдамада қарастырылмағаны айтылады. 

Ал депозиттік салымдарға байланысты айтқанда, оларды сақтау үшін азаматтардың бірнеше амалды қолдануға болатынын, соның ішінде екінші деңгейлі банктерде шетелдік валютамен сақтау мүмкіндігі барын меңзейді. Сонымен бірге салымдарды теңгемен сақтаса өсімі жоғары болатыны және 15 млн теңгеге дейінгі соманың сақ­талуына мемлекет кепілдік беретіні айтылған. 

Ал Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев­тің жауабы бойынша:

Қазақстан Республикасы азаматтарына олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы жинақ­тарының инфляция нәтиже­сінде құнсызданудан сақталуына кепілдік береді. Инфляция деңгейі зейнетақы қорының кірістілігінен асып кеткен жағдайда, Үкімет азаматтарға жинақтарындағы айырманың орнын толтырады.

Ортақ зейнетақының мөл­шері Қазақстанда жыл сайын ин­фляцияның деңгейінен 2%-ға аса отырып, ал базалық зейнет­ақы және жәрдемақылар инфля­цияның деңгейіне тепе-тең индекс­теледі. Осылайша зейнетақы жинақ­тарының жарналарын мемлекет құнсызданудан қорғап қойған.

Дайындаған Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»